Біз кімбіз?

Біз – Philip Morris International компаниясының мүшесіміз. Біздің мәліметтеріміз (атымыз, мекенжайымыз, т.б.) сіз туралы ақпаратты жинау кезінде (немесе растау үшін), мысалы, қандай да бір қолданбадағы немесе веб-сайттағы ескертпеде, электрондық пошта хабарламасында немесе осы ескертпеге сілтемені қамтитын сіз бен біздің арамызда жасалған қандай да бір келісімшартта сізге бөлек беріледі. Оған қоса, біз сіз туралы ақпарат жинағаннан кейін, жинау шарттары себебінен біз сізбен сол уақытта жекелей байланыса алмағандықтан, сіз осы ескертпеге бағытталған болуыңыз мүмкін.

  • PMI: Philip Morris International – темекі өндіретін халықаралық жетекші топ. Ол бірқатар компаниялардан немесе «аффилирленген тұлғалардан» тұрады.
  • PMI аффилирленген тұлғалары: Philip Morris International компаниялар тобының әр мүшесі «PMI аффилирленген тұлғасы» болып табылады. «Біз» сөзі бірінші болып сіз туралы ақпарат жинаған PMI аффилирленген тұлғасын білдіреді (мысалы, сізден немесе сіздің жұмыс берушіңізден тауарлар немесе қызметтер алу үшін келісімшарт жасасқан PMI аффилирленген тұлғасы немесе сіз байланысқан не кеңсесіне барған PMI аффилирленген тұлғасы).
  • PMI өнімі: біздің өнімімізді немесе басқа PMI аффилирленген тұлғасының қандай да бір өнімін білдіреді.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай жинаймыз?

Біз сіз туралы ақпаратты әртүрлі жолдармен жинай аламыз.

  • Бізге ақпаратты тікелей беруіңіз мүмкін (мысалы, келісімшарт жасасу, қандай да бір форманы толтыру, бізге қоңырау шалу, бізбен хат алмасу немесе қызметкерлеріміздің бірімен кездесу арқылы).
  • Ақпаратты автоматты түрде жинауымыз мүмкін (мысалы, сіз PMI жүйелерін, ноутбук немесе мобильді телефон секілді PMI берген құрылғыны, PMI берген бағдарламалық жасақтаманы (мысалы, қандай да бір PMI қолданбасын) немесе қандай да бір PMI веб-сайтын пайдаланғанда).
  • Ақпаратты үшінші тұлғалардан жинауымыз мүмкін (мысалы, сіздің жұмыс берушіңізден, өкіліңізден немесе компания веб-сайты секілді көпшілікке қолжетімді көздерден, интернет іздеулерінен, бизнес-ақпарат агенттіктерінен немесе LinkedIn, Facebook және Twitter секілді әлеуметтік желі платформаларынан).

Бұл ескертпеде, сіздің бізбен байланыста болуыңыз үшін қолданылатын барлық әдістерді «PMI өзара әрекеттесу нүктелері» деп атаймыз. PMI өзара әрекеттесу нүктелері әрі физикалық (мысалы, PMI кеңселері, бөлшек сауда дүкендері және іс-шаралар), әрі цифрлық (мысалы, электрондық пошта арқылы хат алмасу, қолданбалар мен веб-сайттарды пайдалану) өзара әрекеттесу нүктелерін қамтиды.

Сіз тікелей қамтамасыз ететін ақпаратты жинауымыз мүмкін. Бұл әдетте келесідей жағдайларда орын алады:

  • сіз біздің дерекқорларымыздың мүшесі болу үшін тіркелген кезде (мұны, мысалы, өзіңіз жеке-дара, қолданба арқылы немесе онлайн режимде орындауыңыз мүмкін);
  • сіз бізге өнімдерді немесе қызметтерді қамтамасыз ету үшін келісім жасасқанда я болмаса осы мақсатта бізге ақпарат берген кезде;
  • сіз PMI өнімдерін сату үшін бізбен келісімге отырғанда;
  • сіз цифрлық өзара әрекеттесу нүктесін (мысалы, қандай да бір қолданбаны немесе веб-сайтты) жүктеп алғанда немесе пайдаланғанда;
  • сіз қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесі немесе электрондық пошта, әлеуметтік желі не телефон арқылы бізбен байланысқанда;
  • сіз өз бизнесіңізді, біз үшін маңызды болған мәселелерге көзқарастарыңызды немесе біздің бизнесімізді талқылау үшін біздің қызметкерлеріміздің бірімен кездескенде немесе онымен хат алмасқанда;
  • сіз PMI баспасөз хабарламаларын, электрондық пошта ескертулерін немесе маркетингтік хабарламаларын алу үшін тіркелгенде;
  • сіз PMI сауалнамаларына немесе (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда) PMI жарыстарына немесе науқандарына қатысқанда; немесе
  • сіз біздің кеңселерімізге келгенде немесе қандай да бір PMI аффилирленген тұлғасы ұйымдастырған қандай да бір іс-шараға қатысқанда.

Сіз туралы ақпаратты автоматты түрде жинауымыз мүмкін. Бұл әдетте келесідей жағдайларда орын алады:

  • сіз біздің кеңселерімізге келгенде (мысалы, бейне жазылымы (CCTV бейне бақылауы) көмегімен немесе қатынасу журналдарын құру арқылы);
  • сіз PMI өнімдерін сататын дүкенде жұмыс істегенде немесе оған барғанда (мысалы, тапсырысыңызды рәсімдеу кезінде деректеріңізді жинау арқылы немесе дүкенде орналасқан және мобильді технологиямен байланысты болған сенсорлар көмегімен);
  • сіз қандай да бір PMI аффилирленген тұлғасы ұйымдастырған қандай да бір іс-шараға қатысқанда (мысалы, іс-шарадағы сатып алулар/сатылымдар арқылы) немесе іс-шарада орын алатын және мобильді технологиямен байланысты болған сенсорлар көмегімен;
  • сіз PMI жүйелерін, PMI берген бағдарламалық жасақтамаларды немесе ноутбук не мобильді телефон секілді PMI берген құрылғыларды пайдаланғанда (мысалы, жүйелер мен құрылғыны пайдалану деректерін және қатынасу журналының файлдарын жинау, PMI жүйелері мен құрылғылары көмегімен жіберілген және алынған хаттарды сақтау арқылы);
  • сіз бізбен хабарласқанда (мысалы, қандай да бір PMI өзара әрекеттесу нүктесі арқылы; немесе әлеуметтік желі платформалары арқылы);
  • сіз PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдаланғанда (мысалы, қандай да бір қолданбадағы немесе веб-сайттағы қадағалау механизмдері арқылы); немесе
  • сіз біз оқырманы болып табылатын әлеуметтік желі платформаларында қоғамдық хабарламаларды жариялағанда (мысалы, қоғамдық пікірді түсіне алуымыз үшін немесе PMI өнімдеріне қатысты сұрауларға жауап бере алуымыз үшін).

Сіз туралы ақпаратты cookie файлдарының пайдаланылуы және цифрлық PMI өзара әрекеттесу нүктелеріндегі ұқсас қадағалау технологиялары арқылы автоматты түрде жинауымыз мүмкін. Қолданылатын нақты cookie файлдары мен технологиялар қарастырылып жатқан PMI өзара әрекеттесу нүктесіне байланысты болады. Cookie файлдары (соның ішінде, Google analytics cookie файлдары) және әрекеттесу нүктесінде қолданылған ұқсас технологиялар туралы, соның ішінде cookie файлдарын қалай қабылдай алатыныңыз не олардан қалай бас тарта алатыныңыз туралы білу үшін сол өзара әрекеттесу нүктесінде немесе ол арқылы қолжетімді етілген cookie файлы туралы ескертпені қараңыз.

Заң бойынша рұқсат етілген жағдайда, сіз туралы ақпаратты, атап айтқанда сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен бизнес жасауға дайындық аясындағы немесе PMI компаниясына қатысты қоғамдық саясат пен тағы басқа мәселелерге әсер ететін сіздің көпшілікке белгілі көзқарастарыңызды, пікірлеріңізді және шешімдеріңіз туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан жинауымыз мүмкін. Бұл бизнес-ақпарат агенттіктері қамтамасыз ететін ақпаратты, PMI аффилирленген тұлғалары арасында бөлісілетін ақпаратты, үшінші тұлғалардың әлеуметтік желі сайттарындағы (мысалы, LinkedIn) көпшілікке қолжетімді профиль ақпаратын қамтиды.

Сондай-ақ сол кезде сізге ашық болған өзге мәнмәтіндердегі ақпаратты жинауымыз мүмкін.

Біз сіз туралы қандай ақпаратты жинаймыз?

Сіз туралы әртүрлі ақпаратты жинай аламыз:

  • сізбен, сіздің жұмыс берушіңізбен немесе өкіліңізбен қарым-қатынасымызды басқаруға (сондай-ақ осындай қарым-қатынасты қарастыруға) қажетті ақпарат
  • өнімдер мен қызметтерді сатып алуға қажетті ақпарат
  • PMI өнімдерін немесе қызметтерін саудалауға немесе оларға қатысты кеңес беруге қажетті ақпарат (мысалы, тапсырыстарды орындау үшін)
  • PMI өнімдері мен қызметтеріне қолдау көрсетуге немесе кепілдікті қызметтерді қамтамасыз етуге қажетті ақпарат
  • біздің тұтынушыларымызға, PMI өнімдеріне немесе бізге қатысты бизнесіңізде не істейтініңіз туралы ақпарат (мысалы, кепілдікті қызметтерді атқаруыңыз, PMI өнімдері мен сауда орындарының материалдарын көрсетуіңіз, т.б.)
  • сіз келісімшарттарда, формаларда немесе сауалнамаларда бізге беретін ақпарат
  • біздің кеңселерімізге, дүкендерімізге және іс-шараларымызға келуіңіз туралы ақпарат
  • бізге қоңырау шалғанда, біздің қызметкерлерімізбен кездескенде немесе бізге электрондық пошта хабарламаларын жібергенде сіз бізге беретін ақпарат
  • таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз туралы ақпарат
  • жасыңызды, жеке басыңызды және егер қолданылса, жұмыс берушіңіздің атынан әрекет ету уәкілеттігіңізді растауға қажетті ақпарат
  • PMI компаниясына қатысты қоғамдық саясатқа және тағы басқа мәселелерге әсер етуі мүмкін болған сіздің көпшілікке белгілі көзқарастарыңыз, пікірлеріңіз және шешімдеріңіз туралы ақпарат
  • PMI аффилирленген тұлғалары басқаратын ақпарат жүйелерін пайдаланғанда бізге жіберілген ақпарат
  • PMI ақпараттық жүйелерін, соның ішінде PMI берген құрылғыларды пайдалануыңыздың автоматтандырылған жазбалары

Сізден біз тікелей жинайтын ақпарат, сіз оны қандай мәнмәтінде қамтамасыз етсеңіз, ол сол мәнмәтіннен анық түрде түсінікті болады. Мысалы:

  • егер сіз жеткізуші (немесе әлеуетті жеткізуші) болсаңыз, сізбен, сіздің жұмыс берушіңізбен немесе өкіліңізбен қарым-қатынасымызды басқару үшін сіз өз атыңызды, байланыс мәліметтеріңізді, төлем мәліметтерін және өнімдер/қызметтер туралы мәліметтерді (және, егер қажет болса, шығындар туралы арыз-талаптарды) қамтамасыз етесіз, солайша біз келісімшартымызды жүзеге асыра аламыз немесе жүзеге асыруды қарастыратын қадамдарды орындай аламыз (мысалы, қаржылық тұрақтылық туралы ақпарат, сауда санкциялары туралы ақпарат, биографиялық деректерді тексеру), біздің ғимараттарымызға, ақпараттық жүйелерімізге және АТ құрылғыларына қатынасуыңызды және оларды пайдалануыңызды басқара аламыз;
  • егер сіз PMI компаниясына қатысты қоғамдық саясатқа және тағы басқа мәселелерге көзқарастары әсер ете алатын қоғамдық қайраткер болсаңыз, қоғамға қандай көзқарастарыңызды ашқаныңызды және ашу күні мен уақытын немесе егер сіз біздің қызметкерлеріміздің бірімен кездессеңіз, кездесу туралы негізгі мәліметтерді, сондай-ақ қоғамдық көзқарастарыңыз ретінде бізбен бөліскен көзқарастарыңызды ескеруіміз мүмкін;
  • сізге марапаттау схемаларын ұсына алуымыз немесе қызығушылық танытуыңыз мүмкін іс-шараларға сізді шақыра алуымыз үшін таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз туралы ақпарат бере аласыз;
  • сіздің жасыңызды және жеке басыңызды тексеруімізге мүмкіндік беретін ақпаратты, мысалы, жеке куәлігіңіздің көшірмесін жинауымыз мүмкін.

Біз автоматты түрде жинайтын ақпарат жалпы келесілерге қатысты болады:

  • сіздің келуіңіз немесе қоңырау шалуыңыз туралы мәліметтер (мысалы, уақыты мен ұзақтығы);
  • кеңселерімізге, сауда орындарымызға немесе қандай да бір іс-шараға (соның ішінде, жақын маңайдағы аймақтарға) қаншалықты жиі келесіз және қай аймақтарға және қанша уақытқа кіресіз/барасыз;
  • қатынасуды басқару жүйелерін құру туралы ақпарат;
  • сәйкестендіру мақсатында биометриялық деректер (қатынасуды басқару элементтерін құру немесе АТ құрылғыларына қол жеткізу үшін);
  • цифрлық PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануыңыз (мысалы, сіз кіретін беттер, қай беттен келгеніңіз және шыққан кезде қай бетке өткеніңіз, енгізілген іздеу сөздері немесе өзара әрекеттесу нүктесінде басылған сілтемелер);
  • PMI ақпараттық жүйелерін, соның ішінде PMI берген құрылғыларды пайдалануыңыздың автоматтандырылған жазбалары
  • PMI аффилирленген тұлғалары басқаратын ақпарат жүйелерін пайдаланғанда бізге жіберілген ақпарат
  • PMI онлайн форумдарын пайдаланғанда бізге жіберілген ақпарат;
  • хат алмасу кезінде бізге жіберілген ақпарат; және
  • сіздің құрылғыңыз (мысалы, сіздің IP мекенжайыңыз немесе бірегей құрылғы идентификаторы, орын деректері, сіздің құрылғыңызда сақтауымыз мүмкін болған cookie файлдары туралы мәліметтер).

Біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпарат әдетте көпшілікке қолжетімді ақпараттан (мысалы, сіздің рөліңіз, таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз, сондай-ақ сіздің көзқарастарыңыз, пікірлеріңіз және PMI компаниясына қатысты қоғамдық саясат пен тағы басқа мәселелерге әсер ете алатын шешімдеріңіз), мысалы, қоғамдық әлеуметтік желілердегі жазбалардан тұрады.

Сіз туралы ақпаратты қандай мақсаттарда пайдаланамыз және заңды негіздер қандай?

Бұл бөлімде, жеке ақпаратты қандай мақсаттарда пайдаланатынымызды сипаттаймыз. Дегенмен, бұл жаһандық ескертпе болып табылады және егер елдің заңдары осы ескертпеде көрсетілген белгілі бір әрекеттерді шектейтін немесе оларға тыйым салатын болса, біз сіз туралы ақпаратты сол елде сол мақсаттарда пайдаланбаймыз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сізбен қарым-қатынасымыздың сипатына қарай біз сіз туралы ақпаратты келесі мақсаттарда пайдалана аламыз:

  • Жасыңыз бен жеке басыңызды тексеру, «жеткізушіңізді біліңіз» тексерістерінен өту және сізбен немесе жұмыс берушіңізбен арамыздағы келісімшарттық қарым-қатынасты басқару сияқты нормативтік міндеттемелерді орындау үшін
  • Құқықтық нормаларды сақтау, мысалы, заңгерлерімізден және тағы басқа кеңесшілерден кеңес алу мақсаттарында қандай да бір болжалды дауларға қатысты жазбаларыңызды сақтау және пайдалану
  • Сізден немесе сіздің жұмыс берушіңізден өнімдерді немесе қызметтерді сатып алу, соның ішінде қарым-қатынасымызды басқару, сатылым бойынша қызметтер алу және тауарлар, қызметтер және шығындар бойынша сізге төлем жасау (егер қажет болса) мақсатында сізбен байланысу үшін
  • Өнімдерімізді сізге сату, соның ішінде сіздің тапсырыстарыңызды орындау, төлемдеріңізді өңдеу үшін
  • Сізге сатылым бойынша қызмет көрсету, соның ішінде сіздің сұрауларыңызды өңдеу және кепілдікті қызметтерді қамтамасыз ету үшін
  • Сізді қарым-қатынасымыздың аспектілеріне қатысты жаңалықтар, науқандар, іс-шаралар туралы хабарландыру және оларды басқару үшін, соның ішінде бейілділік бағдарламаларын басқару, өнімді жақсарту, нарықты зерттеу, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік науқандарды басқару және іс-шаралардағы тәжірибелеріңізді өзіңізге бейімдеу үшін
  • Жоғарыдағылардың барлығына қолдау көрсету, соның ішінде сіздің есептік жазбаңызды немесе сіздің жұмыс берушіңіздің есептік жазбасын басқару, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалана алуыңызды қамтамасыз ету, сізбен хат алмасу, PMI өзара әрекеттесу нүктелері бойынша тәжірибелеріңізді өзіңізге бейімдеу, әкімшілікті жүзеге асыру және мәселелерді шешу, жалпы жазба жүргізу және біз сізге қатынасу рұқсатын берген жүйелерге қатынасуыңызды басқару үшін
  • Бизнесті талдау және жетілдіру, соның ішінде PMI өнімдерін, кеңселерін, процестерін, дүкендерін және іс-шараларын, сондай-ақ клиенттерімізге, жеткізушілерімізге, қызмет жеткізушілеріне, үшінші тараптық мердігерлерге, бөлшек саудамен айналысатын сатушыларға және келушілерге біз (біздің аффилирленген тұлғаларымыз) қамтамасыз ететін ақпаратты, жүйелерді және құрылғыларды жақсарту
  • PMI жүйелерін, PMI берген бағдарламалық жасақтамаларды, PMI құрылғылары мен PMI ақпаратын пайдалана алуыңызды қамтамасыз ету және пайдалануыңызды басқару үшін
  • PMI жүйелері мен құрылғыларын пайдалануыңызды бақылау үшін, мысалы, Интернет және электрондық пошта жасақтамалары мен компания ақпаратының тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін
  • PMI жүйелерінің, құрылғыларының, ақпаратының және ғимараттарының қауіпсіздігін сақтау үшін
  • Біздің немесе іскери серіктестеріміздің, сізді PMI өнімдерін маркетингілеуге немесе ілгерілетуге қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы хабарландыра алуымыз үшін
  • Сіздің көзқарастарыңызды, пікірлеріңізді, шешімдеріңізді және олардың PMI компаниясына қатысты қоғамдық саясатқа және тағы басқа мәселелерге қалай әсер ететінін түсіну үшін
  • Сіз туралы алғаш рет ақпарат жинаған кезде біз сізді хабарландыратын немесе мәнмәтіннен анық түрде түсінікті болатын өзге мақсаттар үшін

Сіз туралы ақпаратты пайдалануымыздың заңды негізі келесілердің бірі болып табылады (оны толығырақ «қосымша мәлімет» бөлімінде түсіндіреміз):

  • өзімізге қатысты заңды міндеттемені орындау;
  • сіз тараптарының бірі болып табылатын қандай да бір келісімшартты орындау;
  • ақпаратты қорғау жөніндегі мүдделеріңізден басым болып табылатын заңды іскери мүдде;
  • егер жоғарыдағылардың ешбірі қолданылмаса немесе заң бойынша қажет болғанда, сіздің келісіміңіз (ақпаратты өңдемес бұрын сізден осы келісімді сұраймыз).

Тиісті жинау әдістерімен және заңды пайдалану негізімен сіз туралы ақпаратты пайдалануымыздың мақсаттары келесілер:

Мақсаты

Жинау әдісі және өңдеудің заңды негізі

Нормативтік міндеттемелерді орындау

  • жасыңызды, жеке басыңызды және іскери серіктестің мәртебесін тексеру
  • салық және бухгалтерлік есеп міндеттемелері
  • «жеткізушіңізді біліңіз»
  • сауда санкциялары
  • биографиялық деректерді тексеру
  • денсаулық пен қауіпсіздікті басқару
  • заңды және нормативтік талаптар бойынша деректерді ашу сұраулары
  • мүдделер қайшылығы
  • егер сіз сыртқы кеңесші ретінде әрекет етсеңіз, уақыт кестелері мен шот-фактуралардың жазбаларын жүргізу
  • ішінде сіздің атыңыз аталуы мүмкін болған келісімшарттарды және байланысты құжаттарды сақтау
  • құқық бұзушылық туралы хабарламаларды тергеу

Бұл ақпаратты әдетте бізбен қандай да бір қарым-қатынасыңыз болғанда немесе бізбен өзара әрекеттескен кезде сіз бізге тікелей қамтамасыз етесіз.

Біз оны тек ересектермен сауда жасау және бизнесімізді тиісінше жүргізу (соның ішінде, корпоративтік заңға және салық талаптарына қатысты), қаржылық және салықтық есепке алуды жүргізу, сауда санкцияларын орындау, денсаулық және қауіпсіздік туралы заңдарды сақтау (олар оқыс оқиғаларды есепке алуды қамтуы мүмкін), есептерді әзірлеу, құзыретті органдардың ақпарат сұрауларын орындау және мүдделер қайшылығын басқару жөніндегі заңды міндеттемемізді жүзеге асыру үшін қажет болғандықтан немесе мұндай заңды міндеттеме жоқ елдерде, бизнесімізді жақсы тәжірибе талаптарына сәйкес жүргізуге заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Өнімдер мен қызметтерді сатып алу

  • сіз немесе сіздің жұмыс берушіңіз бізге өнімдерді немесе қызметтерді қамтамасыз еткенде сізбен хабарласу
  • сізде немесе сіздің жұмыс берушіңізде біз жүргізетін есептік жазбаның әкімшілігін жүзеге асыру
  • төлемдерді өңдеу
  • қарым-қатынасты басқару
  • біздің келісімімізге, саясаттарымызға және ішкі бағдарламаларымызға (мысалы, егер сіз бізге шикізаттарды жеткізетін фермер болсаңыз, біздің GAP бағдарламамызға) бағынуыңызды бақылау
  • келісімімізге, саясаттарымызға және ішкі бағдарламаларымызға бағынбауыңызды, мәселелер мен оқыс оқиғаларды тергеу
  • келісіміміздің, саясаттарымыздың және ішкі бағдарламаларымыздың сақталмауын, мәселелерді және оқыс оқиғаларды жоюды басқару

Біз жалпылай ақпаратты (әдетте, атыңыз, рөліңіз, жұмыс орныңыздың мекенжайы, іскери электрондық поштаңыздың мекенжайы, тапсырыстар, қызметтер, төлем ақпараты (орынды болғанда, шығындар туралы мәліметтер), хат алмасу) сізден тікелей немесе сіздің жұмыс берушіңіз арқылы аламыз.

Біз оны сіздің өнімдеріңізді не қызметтеріңізді немесе жұмыс берушіңіздің өнімдерін не қызметтерін сатып алушы ретінде сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен арамызда жасалған келісімшартты орындау аясында немесе егер мұндай міндеттеме болмаса, оны бизнесімізді жүргізу, сізден не сіздің жұмыс берушіңізден алатын өнімдер не қызметтер бойынша сізбен хабарласу, төлемдерді өңдеу, сізбен не сіздің жұмыс берушіңізбен арамыздағы қарым-қатынасты басқару және келісіміміздің, саясаттарымыздың және бағдарламаларымыздың сақталуын бақылау бойынша заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Өнімдерімізді сату

  • тапсырыстарыңызды орындау (соның ішінде, түбіртектерді жіберу)
  • төлемдеріңізді өңдеу
  • кепілдікті қызметтерді қамтамасыз ету

Бұл ақпаратты (әдетте, атыңыз, рөліңіз, жұмыс орныңыздың мекенжайы, іскери электрондық поштаңыздың мекенжайы, тапсырмаларыңыз, төлем ақпаратыңыз, хаттарыңыз) әдетте сіз бізге тікелей немесе жұмыс берушіңіз арқылы тиісінше қамтамасыз етесіз.

Біз оны өнімдеріміздің сатып алушысы ретінде сіздің алдыңыздағы немесе сіздің жұмыс берушіңіздің алдындағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау үшін пайдаланамыз.

Сатуға қатысты қызметтерді қамтамасыз ету

  • сіздің сұрауларыңызды өңдеу
  • сізбен хат алмасу
  • жалпы әкімшілік және мәселелерді шешу
  • қарым-қатынасты басқару

Бұл ақпаратты әдетте сіз бізге тікелей немесе жұмыс берушіңіз арқылы қамтамасыз етесіз.

Біз оны сізге немесе сіздің жұмыс берушіңізге сатуға қатысты қызметтерді қамтамасыз ету үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Бизнесті ілгерілету және қарым-қатынасты басқару (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда)

  • сізді тиісті жаңалықтар, науқандар және іс-шаралар туралы хабарландыру
  • қарым-қатынасымызды басқару
  • сіздің таңдауларыңызды түсіну (мысалы, сізді қандай өнімдер не іс-шаралар қызықтырады немесе қандай өнімдерді не іс-шараларды сіздің қажеттіліктеріңізге бейімдеуге болады)
  • бейілділік бағдарламаларын басқару
  • сізді сауалнамаларға және нарықты зерттеу науқандарына қатысуға шақыру және оларды басқару
  • нарықты зерттеу үшін
  • маркетингтік стратегияларды әзірлеу
  • маркетингтік науқандарды басқару
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелеріндегі тәжірибеңізді өзіңізге бейімдеу (мысалы, келуіңізді сізді қызықтыруы мүмкін болған сәлемдесулермен немесе ұсыныстармен жекелендіру)

Бұл әдетте сіз бізге қамтамасыз ететін ақпараттың (мысалы, сіздің атыңыз және байланыс мәліметтеріңіз бен әлеуметтік желі туралы мәліметтер); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануды бақылау технологиясын пайдалану) және (заңмен рұқсат етілген жағдайда) біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпараттың (мысалы, қоғамдық әлеуметтік желілердегі жазбалар) тіркесімі болады.

Біз оны қарым-қатынасымызды басқару және сізге бизнесіміз, өнімдеріміз және іс-шараларымыз туралы айту, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін басқару және сіздің тәжірибелеріңізді өзіңізге бейімдеу бойынша заңды іскери мүддеміздің негізінде пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Бизнесті ілгерілету және қарым-қатынасты басқару (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда)

  • сізге PMI аффилирленген тұлғалары, олардың науқандары, өнімдері және қызметтері, дүкендері, іс-шаралары және темекі өнімдерін реттеу туралы ақпаратты қамтамасыз ету және оларды басқару; және осы мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында құралдарды әзірлеу және жақсарту үшін

Бұл әдетте сіз бізге қамтамасыз ететін ақпараттың (мысалы, сіздің атыңыз және байланыс мәліметтеріңіз, әлеуметтік желідегі мәліметтеріңіз); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, cookie файлдары мен ұқсас технологияларды пайдалану) және (заңмен рұқсат етілген жағдайда) біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпараттың (мысалы, қоғамдық әлеуметтік желілердегі жазбалар) тіркесімі болады.

Біз бұл ақпаратты сізді осы нәрселер туралы хабарландыруға заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Белгілі бір елдерде, заң бойынша талап етілетін болса, сізге бұл материалдарды тек сіздің келісіміңізбен сізге электрондық түрде жібереміз.

Бизнес бойынша әкімшілікті жүзеге асыру

  • жалпы ұйымдық басқару және іс қағаздарын жүргізу
  • мердігердің өмірлік циклін басқару (жалдаудан бастап кетуге дейін)
  • келушілерді басқару және жазба жүргізу
  • іс-шараларды, оқыту және нормативтік талаптарды сақтау бағдарламаларын басқару және жүргізу
  • сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен арамыздағы қарым-қатынасымыз жөнінде, соның ішінде сіздің сұрауларыңызды орындау үшін хат алмасу
  • АТ жүйелерін жетілдіру, енгізу, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету
  • жүйелердің, құрылғылардың, ақпараттың және ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • контактілер дерекқорларымен және бірлесе жұмыс істеу құралдарымен жұмыс істеу
  • халықаралық іссапарлар мен саяхаттар
  • қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету
  • PMI аффилирленген тұлғаларының қызметкерлерінің, клиенттерінің, жеткізушілерінің, келушілерінің және олардың әрбірінің мүлкінің қауіпсіздігін сақтау

Біз әдетте ақпаратты тікелей сізден немесе сіздің жұмыс берушіңіз арқылы аламыз.

Біз оны бизнесімізді жүргізу, сізбен арамыздағы қарым-қатынасымызды басқару және ғимараттарымыздың, ақпараттардың және АТ жүйелерінің қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтау үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпараттың пайдаланылуын шектеу жөніндегі мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Қауіпсіздік және жүйелерді бақылау

  • қолданылатын болса, аутентификация және қатынасуды басқару элементтері және журналдары
  • қатынасуға рұқсатыңыз болған PMI жүйелерін, құрылғыларын, интернетін және электрондық пошталарын бақылау
  • PMI жайларына қатынасуды, PMI аффилирленген тұлғаларына жасалған жеткізілімдерді және біздің жайларымыздағы қауіпсіздікке қатысты процестерді бақылау
  • сіздің PMI жүйелерін, PMI берген бағдарламалық жасақтамаларды (соның ішінде, интернетті және электрондық пошталарды), PMI құрылғыларын және PMI ақпаратын пайдалануыңызға мүмкіндік беру және оны басқару; осыларды пайдалануыңызды, соның ішінде, интернет пен электрондық пошта жасақтамаларының тиісінше қолданылуын және компания ақпаратының тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бақылау (мысалы, мұның компания ақпаратын қорғау жөніндегі компания саясаттарын бұзып-бұзбайтынын (қасақана немесе байқаусызда) бағалау үшін)

Бұл ақпарат біздің жайларымыздағы автоматтандырылған жүйелер және құрылғыларды бақылау, CCTV бейне бақылау жазбасы және аудио жазбасы секілді әртүрлі құралдар арқылы автоматты түрде жиналады.

Біз оны физикалық және цифрлық инфрақұрылымымыздың, ақпаратымыз бен жайларымыздың құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Жоғарыда аталған барлық мақсаттарға қолдау көрсету

  • сіздің есептік жазбаларыңыздың әкімшілігін жүзеге асыру
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануыңызға мүмкіндік беру (мысалы, қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесінің тек рұқсаты бар пайдаланушылар үшін резервтелген бөлімдеріне кірулі күйде қалуыңызға мүмкіндік беру, тіл бойынша таңдауыңызды басқару, шоппинг себетіңізді сізбен байланыстыру)
  • сізбен хат алмасу
  • тәжірибелеріңізді жетілдіру
  • әкімшілікті жүзеге асыру және мәселелерді шешу

Бұл әдетте сіз бізге қамтамасыз ететін ақпараттың (әдетте, атыңыз, құпия сөзіңіз (немесе оның баламасы)) және біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, сіздің құрылғыңыз, cookie файлдары мен ұқсас қадағалау технологиялары туралы ақпарат) тіркесімі болады.

Біз оны өзіміз қолдау көрсететін ақпаратты пайдалану мақсатына сәйкес келетін негіздерде пайдаланамыз. Мысалы, егер сіздің есептік жазбаңызды қандай да бір сатып алуға қолдау көрсету немесе сатудан кейінгі қызметті қамтамасыз ету үшін басқаратын болсақ, біз ақпаратты өнімдеріміздің сатып алушысы ретінде сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау үшін пайдаланамыз; егер сіздің есептік жазбаңызды сізді өз өнімдеріміз жөніндегі жаңалықтар туралы хабарландыру үшін басқаратын болсақ, біз бизнесті дамытуға қолдау көрсетеміз және солайша біз оны өнімдерімізді маркетингілеу үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүддеңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды, және т.с.с.

Бизнесті талдау және жетілдіру

  • біздің немесе іскери серіктестеріміздің, сізді PMI өнімдерін ілгерілетуге қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы хабарландыра алуымыз үшін
  • бизнесті талдау және жетілдіру үшін (соның ішінде, PMI өнімдерін, жүйелерін, процестерін, кеңселерін, PMI өнімдерін сататын дүкендерді, оқытуларын, іс-шараларын, цифрлық PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және біз (немесе біздің аффилирленген тұлғаларымыз) сізге немесе сіздің жұмыс берушіңізге қамтамасыз ететін құрылғылар мен ақпаратты)

Бұл әдетте сіз бізге қамтамасыз ететін ақпарат пен біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың және (егер заңмен рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпараттың тіркесімі болады.

Біз оны бизнесіміздің өнімділігін, өнімдерімізді, жүйелерімізді, процестерімізді, кеңселерімізді, дүкендерімізді, оқытуларымызды, іс-шараларымызды, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және біз қамтамасыз ететін құрылғылар мен ақпаратты талдау және жақсарту және басқа адамдарды PMI өнімдерін жарнамалауға қатысуға шақыру үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, сіз туралы ақпаратты жинау мүдделері, құқықтары және бостандықтары мұндай мүддеден басым болмайды.

Сіздің көзқарастарыңызды, пікірлеріңізді және шешімдеріңізді түсіну

Бұл әдетте компания веб-сайты, интернет іздеулері немесе LinkedIn, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желі платформалары сияқты жалпыға қолжетімді үшінші тараптық көздерден біз алатын ақпарат немесе өзіңіздің қоғамдық көзқарастарыңыз ретінде сіз бізбен бөліскен көзқарастарыңыз сияқты тікелей сізден алатын ақпарат болады.

Біз оны мүдделі тараптардың көзқарастары мен шешімдерін бақылау және бағалау, олардың көзқарастары мен шешімдерінің PMI компаниясы мен оның индустриясына қалай әсер ете алатынын анықтау жөніндегі заңды іскери мүддеміздің негіздерінде пайдаланамыз, сіз туралы ақпаратты қорғау мүдделері, құқықтары және бостандықтары мұндай мүддемізден басым болмайды.

Егер біз сіз туралы ақпаратты пайдалануымызды жоғарыдағы заңды негіздермен негіздемесек немесе егер бұл заң бойынша талап етілсе, ақпаратты өңдемес бұрын сізден келісім сұраймыз (бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады).

Кейбір жағдайларда, сіз туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілмеген жолдармен пайдалануымыз мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса, біз осындай қолданысты түсіндіретін қосымша құпиялылық ескертпесін қамтамасыз етеміз. Осы ескертпемен бірге келетін барлық қосымша ескертпелерді оқып шығуыңыз керек.

Сіздің ақпаратыңызды кіммен және қандай мақсаттарда бөлісеміз?

Сіз туралы ақпаратты төменде аталғандармен бөлісуіміз мүмкін:

  • PMI аффилирленген тұлғалары;
  • PMI аффилирленген тұлғаларына немесе сізге өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалар (мысалы, кәсіби кеңесшілер, төлем қызметінің провайдерлері, жеткізу қызметінің провайдерлері, аудиторлар немесе ақпарат қызметтерінің провайдерлері);
  • PMI аффилирленген тұлғаларының мұқият таңдалған іскери серіктестері мен жарнама берушілері (біздің өнімдерімізбен байланысты болған немесе олардың стилі мен кескініне сәйкес болған салаларда), солайша олар сіздің таңдауларыңызға сәйкес сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлаған сауда бағдарламалары, оқу материалдары мен жаттығу жөніндегі ұсыныстары бойынша сізбен хабарласа алады; және
  • егер заң бойынша талап етілсе немесе рұқсат етілген болса, өзге үшінші тұлғалар (мысалы, реттеу органдары; мемлекеттік органдар мен кәсіби кеңесшілер).

Біз сіз туралы ақпаратты басқалармен тек қолданыстағы заңдарға сәйкес түрде бөлісеміз. Сондықтан, егер заң бойынша сіздің келісіміңіз қажет болса, біз алдымен сіздің келісіміңізді сұраймыз.

Деректерді басқа PMI аффилирленген тұлғаларымен бөлісу

  • Сіз туралы ақпарат Philip Morris Products S.A. компаниясымен (Швейцарияның Невшатель қаласында орналасқан) бөлісіледі, бұл PMI аффилирленген тұлғалары үшін жеке деректерді өңдеудің орталық әкімшілік орны болып табылады. Сонымен қатар сіз туралы ақпарат PMI аффилирленген тұлғаларының технология провайдері ретінде Philip Morris International IT Service Centre Sàrl компаниясымен (Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан) бөлісілуі мүмкін. Philip Morris Products S.A. компаниясы және (қатынасу рұқсаты бар болған жағдайда) Philip Morris International IT Service Centre Sàrl компаниясы сіз туралы ақпаратты осы ескертпеде көрсетілген барлық мақсаттарда өңдейді.
  • Егер біз қандай да бір іссапарды ұйымдастырсақ (мысалы, егер сіз басқа PMI аффилирленген тұлғасына барсаңыз), сіз туралы ақпарат осы ескертпеде көрсетілген барлық мақсаттар үшін біздің аймақтық операциялар орталығымыз болып табылатын PMI аффилирленген тұлғасымен (егер бұл ақпаратты алғаш жинаған PMI аффилирленген тұлғасы болмаса), сіз саяхаттайтын PMI аффилирленген тұлғасының аймақтық операциялар орталығы болып табылатын PMI аффилирленген тұлғасымен және іссапарға қатысты қауіпсіздік шараларына жауапты болған PMI аффилирленген тұлғасымен бөлісілуі мүмкін.
  • Сіз туралы ақпарат сіз байланысатын немесе бизнес жүргізетін қандай да бір басқа PMI аффилирленген тұлғасымен бөлісілуі мүмкін (мысалы, егер сіз қандай да бір PMI аффилирленген тұлғасымен қарым-қатынаста болғанда, басқа аффилирленген тұлғаларына өнімдерді не қызметтерді сатсаңыз немесе басқа PMI кеңселеріне барсаңыз).

PMI аффилирленген тұлғалары мен олар құрылған елдер туралы мәліметтер мұнда қолжетімді.

Елге байланысты қосымша тармақтар

Қай елде тұратындығыңызға қарай, кейбір қосымша тармақтардан хабардар болуыңызды қалаймыз.

Егер сіз Жапонияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Жапонияда болсаңыз, сіз туралы ақпаратты осы ескертпеде көрсетілген мақсаттарда жапондық дерек қорғау заңдарының аясында «ортақ пайдалану» негізінде басқа PMI аффилирленген тұлғаларымен бөлісетінімізді ескеріңіз. Біз мұны орындағанда, Philip Morris Japan Limited (PMJ) компаниясы сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуді жауапкершілікті түрде жалғастырады және біз деректерді кіммен бөліссек, солардан да дәл осыны орындауды талап етеміз. Оған қоса, егер олар Жапониядан тыс орналасқан болса, біз тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес қисынды шараларды қабылдаймыз.

Деректерді үшінші тұлғалармен бөлісу

  • Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада, сіз туралы ақпаратты PMI аффилирленген тұлғаларына не сізге өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен (мысалы, сіздің жұмыс берушіңізбен, кеңесшілермен, төлем қызметінің провайдерлерімен, жеткізу қызметінің провайдерлерімен, бөлшек саудамен айналысатын сатушылармен, өнім жөніндегі нұсқаушылармен, ақпарат қызметтерінің провайдерлерімен және жасты растау қызметінің провайдерлерімен) бөлісуіміз мүмкін.
  • Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілген шамада, сіз туралы ақпаратты PMI аффилирленген тұлғаларының мұқият таңдалған үшінші тараптық іскери серіктестерімен және жарнама берушілерімен бөлісуіміз мүмкін (сіз біздің өнімдерімізбен байланыстыра алатын нәрселерге сәйкес, мысалы, олардың ұқсас не толықтырушы кескіні, стилі немесе функциялары бар болғандықтан), солайша олар сіздің таңдауларыңызға сәйкес сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлаған өнімдер, қызметтер және науқандар бойынша сізбен хабарласа алады.
  • Егер заң бойынша талап етілсе немесе рұқсат етілсе, сіз туралы ақпаратты басқа үшінші тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін, мысалы: реттеу органдарымен; мемлекеттік бөлімдермен; құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік лауазымды тұлғалардың сұрауына жауап ретінде; біз қандай да бір физикалық зиянның не қаржылық шығынның алдын алу үшін немесе күдікті не нақты заңсыз әрекетті тергеуге байланысты; және ұйымдық қайта құрылымдау жағдайында ақпаратты ашу қажет немесе орынды деп санағанда.
  • Егер біз қандай да бір іссапарды ұйымдастыратын болсақ (мысалы, сіз басқа PMI аффилирленген тұлғасына баратын болсаңыз), сіз туралы ақпарат саяхатты ұйымдастыратын, тасымалдау көлігі мен жұмысқа қатысты қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен, мысалы, саяхат агенттерімен, онлайн брондау қызметтерінің провайдерлерімен, билет сату агенттерімен, әуе компанияларымен, көлік жалдау компанияларымен, теміржол қызметінің провайдерлерімен және қонақ үйлермен бөлісілуі мүмкін. Үшінші тұлғалар сіз туралы ақпаратты өз мақсаттарында пайдаланады (мысалы, сізге тасымал көлігін не тұрғын жай қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін жүзеге асыру үшін) және олардың сіз туралы ақпаратты пайдалануы туралы қосымша мәліметтерді олардың құпиялылық туралы ескертпелерінен көруіңіз керек.

Сіз туралы ақпарат қайда жіберілуі мүмкін?

Кез келген көпұлтты ұйым сияқты, PMI аффилирленген тұлғалары ақпаратты бүкіл әлем бойынша тасымалдайды. Сәйкесінше, сіз туралы ақпарат бүкіл әлем бойынша тасымалдануы мүмкін (мысалы, егер сіз Еуропалық экономикалық аймақта («ЕЭА») тұратын болсаңыз, сіздің ақпаратыңыз ЕЭА аумағынан тыс жерлерге тасымалдануы мүмкін; егер сіз Аустралияда тұратын болсаңыз, ақпаратыңыз Аустралиядан тыс жерлерге тасымалдануы мүмкін).

Осы ескертпеде көрсетілгендей ақпаратты пайдаланған кезде, сіз туралы ақпарат жинау елінің не аумағының ішінде немесе одан тыс жерлерге, соның ішінде, баламалы дерек қорғау стандарттары болмаған қандай да бір елге не аумаққа тасымалдануы мүмкін.

ЕЭА аумағында орналасқан PMI аффилирленген тұлғалары жеке ақпаратты, мысалы, жаһандық бизнестің жұмысын жеңілдету үшін ЕЭА аумағынан тыс орналасқан PMI аффилирленген тұлғалары мен олардың қызмет провайдерлеріне тасымалдайды. Барлық жағдайларда, ақпарат тасымалы келесідей болады:

Барлық жағдайларда, сол елдерде немесе аумақтарда қолданыстағы дерек қорғау заңдарына сәйкес жеке ақпаратты қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шаралары қолданылады.

Біздің қызмет жеткізушілеріміз әлем бойынша көптеген елдерде, соның ішінде, ЕЭА аумағында, Швейцарияда, АҚШ-та, Канадада, Үндістанда, Филиппиндерде, Индонезияда және Аустралияда орналасқан.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай қорғаймыз?

Біз өзіміздегі жеке ақпаратты рұқсатсыз ашудан, пайдаланудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғау үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асырамыз. Қажет болғанда, біз сіз қамтамасыз ететін ақпаратты қорғауға көмектесетін шифрлау әдісін және тағы басқа технологияларды пайдаланамыз. Сонымен қатар біз өзіміздің қызмет провайдерлерімізден деректердің құпиялылығы және қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды талап етеміз.

Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады?

Біз сіз туралы ақпаратты ақпарат жинау мақсаттарын жүзеге асыруға қажет болатын мерзім бойы сақтаймыз. Одан кейін біз оны жоямыз. Мерзім ақпараттың жиналу мақсаттарына қарай әртүрлі болады. Кейбір жағдайларда, бізден ақпаратты жоюды сұрауға құқылы екеніңізді ескеріңіз. Сондай-ақ біз кейде заң бойынша, мысалы, салық және бухгалтерлік есеп мақсаттарында ақпаратты сақтауға міндетті боламыз.

Әдетте, біз деректерді төмендегі кестеде көрсетілген шарттар негізінде сақтаймыз:

Түрі

Түсіндірме/әдеттегі сақтау шарттары

  • дерекқор жазбалары

Егер сіз бізге қызмет көрсететін (тікелей немесе өзіңіздің жұмыс берушіңіз үшін) қандай да бір жеке тұлға болсаңыз, сіздің профиліңіздегі ақпараттың көбі сізбен арамыздағы қарым-қатынасымыздың мерзімі бойынша; мысалы, сіз қызмет көрсетуді, өнімдерді сатып алуды, цифрлық өзара әрекеттесу нүктесін пайдалануды немесе біздің хабарламаларымызға жауап беруді жалғастырған мерзім бойы сақталады. Дегенмен, сіздің маркетингтік профиліңіздің кейбір элементтері, мысалы, сатып алу тарихыңыз белгілі бір мерзім өткеннен кейін ескіреді, солайша біз олардың жиналу мақсатына сәйкес белгілі бір мерзім аяқталғаннан кейін оларды автоматты түрде жоямыз.

  • бизнес және төлем жазбалары

Біз шот-фактуралардың, сатылымдардың, сатып алулардың, жасалған және алынған төлемдердің, растау құжаттарының (мысалы, келісімшарттар мен электрондық пошта хабарламалары) жазбаларын әдетте корпоративтік және салықтық талаптарға сәйкес 11 жыл сақтаймыз. Сондай-ақ біз жеткізушілер бойынша жасалған тексерістердің жазбаларын өзіміздің құқықтық және нормативтік міндеттемелерімізді жүзеге асыру үшін қажет болатын мерзім бойы сақтаймыз.

  • келуші жазбалары

Егер сіз біздің ғимараттарымызға келсеңіз, келуші жазбалары әдетте тек бірнеше ай ғана сақталады.

  • CCTV бейне бақылауы

Егер сіз біздің ғимараттарымызға келсеңіз, CCTV бейне бақылауының сақталған жазбалары әдетте белгілі бір жазу мақсатына қарай тек бірнеше күн ғана немесе бес аптаға дейін сақталады.

  • сатып алулар және кепілдік

Егер сіз тауарлар сатып алсаңыз, бұл туралы мәліметтерді сатуды аяқтау және заңды міндеттемелерді орындау (мысалы, салық және бухгалтерлік есеп жазбаларын жүргізу мақсаттары) үшін қажет болатын мерзім бойы сақтаймыз. Сонымен қатар, егер сіз қандай да бір PMI өнімі үшін қандай да бір кепілдікке тіркелсеңіз, біз бұл туралы мәліметтерді сол кепілдікке сәйкес келетін мерзім бойы сақтаймыз.

  • клиенттерге қолдау көрсету

Егер сіз клиенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарлассаңыз, біз сіздің сұрауыңыздың жазбасын жасаймыз және оны біздің қарым-қатынасымызға қатысы бар болған мерзім бойы, мысалы, кепілдік аясындағы қандай да бір құрылғыны ауыстыруымыз қажет болатын жағдайлар үшін сақтаймыз. Клиенттерге қолдау көрсетуге қатысты басқа жазбалар (мысалы, сіз бізден сізді қандай да бір бөлшек сауда дүкеніне бағыттауды сұрайтын қандай да бір телефон қоңырауының автоматты жазбасы) тек тұрақтырақ жазбалар жасалғанша маңызды болуы мүмкін және тек уақытша сақталады.

  • жүйелік аудит журналдары

Жүйелік аудит журналдары әдетте 18 ай сақталады.

  • бизнесті талдау

Сіз PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдаланғанда бизнесті талдау деректері әдетте автоматты түрде жиналады және одан кейін бірден анонимді етіледі/біріктіріледі.

Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?

Бізде болған сіз туралы ақпарат бойынша сізде төменде көрсетілген құқықтардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:

  • бізден оған қатынасу мүмкіндігін сұрау;
  • бізден оны түзетуді, жаңартуды немесе жоюды сұрау;
  • нақты жағдайларда бізден оны пайдалануымызды шектеуді сұрау;
  • нақты жағдайларда, біздің оны пайдалануымызға қарсылық білдіру;
  • оны пайдалануымызға берген келісіміңізді қайтарып алу;
  • нақты жағдайларда деректерді тасымалдау мүмкіндігі;
  • оны тікелей маркетинг үшін пайдалануымыздан бас тарту; және
  • өз еліңіздегі бақылау органына (егер бар болса) шағым жіберу.

Біз сізге, мысалы, «жазылымнан бас тарту» сілтемелерін немесе сіз алатын хабарламаларда не осы ескертпенің соңындағы «сұрақтар бойынша кіммен байланысуыңыз керек» бөліміндегі байланыс мәліметтері арқылы сізге байланыс мекенжайын беру сияқты осы құқықтарды пайдаланудың оңай жолдарын ұсынамыз.

Біз ұсынатын кейбір мобильді қолданбалар да сізге push-хабарламаларды, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы push-хабарламаларды жіберуі мүмкін. Бұл хабарламаларды өз телефоныңыздағы немесе қолданбадағы параметрлер арқылы өшіруіңізге болады.

Сіздің құқықтарыңыз еліңіздің заңдарына байланысты болады. Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақта тұратын болсаңыз, төмендегі кестеде көрсетілген құқықтарға ие боласыз. Егер басқа жерде тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алу үшін бізбен байланысуыңызға болады (осы ескертпенің соңындағы «сұрақтар бойынша кіммен байланысуыңыз керек?» бөлімін қараңыз).

Бізде болған сіз туралы ақпаратқа қатысты құқығыңыз

Қосымша мәлімет (ескертпе: осы барлық құқықтарға белгілі бір заңды шектеулер қойылады)

  • бізден оған қатынасу мүмкіндігін сұрау үшін

Бұл келесінің растауы болып табылады:

  • сіз туралы ақпаратты өңдеп-өңдемейтініміз;
  • біздің атымыз және байланыс мәліметтеріміз;
  • өңдеу мақсаты;
  • қатысты ақпараттың санаттары;
  • біз ақпаратты бөлісетін адамдардың санаттары және егер қандай да бір адам ЕЭА аумағынан тыс болса және Еуропалық комиссияның шаралардың жеткіліктілігі туралы шешімінен ешқандай артықшылық алмайтын болса, ақпаратты қорғаудың тиісті сақтық шаралары;
  • егер сізден жинамаған болсақ, (егер бізде бар болса) ақпарат көзі;
  • (егер орындайтын болсақ, бұл сіздің назарыңызға жеткізілетін болады) сізге қатысты заңды әсерлер туындататын немесе сізге ұқсас жолмен айтарлықтай әсер ететін профильдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған шешім қабылдау құралдарының, қатысты логика туралы ақпараттың, сондай-ақ сіз үшін осындай өңдеудің маңыздылығы мен болжамды салдарының болуы; және
  • біз ақпаратты сақтайтын мерзімді анықтау шарттары.

Сіздің сұрауыңызбен, біз өзіміз қолданатын сіз туралы ақпараттың көшірмесін сізге қамтамасыз етеміз (егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарына және бостандықтарына әсер етпейтін болса).

  • бізден оны түзетуімізді немесе жаңартуымызды сұрау үшін

Бұл, егер біздегі ақпарат нақты немесе толық болмаса, қолданылады.

  • бізден оны жоюымызды сұрау

Бұл келесі жағдайларда қолданылады:

  • егер біздегі ақпарат біз оны пайдаланған мақсаттар үшін енді қажет болмаса;
  • егер біз ақпаратты сіздің келісіміңіздің негізінде пайдалансақ және сіз келісіміңізді қайтарып алсаңыз (бұл жағдайда, егер сіз бізге сіз туралы ақпараттың барлығын жоюымызды қалайтыныңызды айтпасаңыз, сізбен қайта хабарласпаймыз, ал егер бізге сіз туралы ақпараттың барлығын жоюымызды қалайтыныңызды айтсаңыз, сіздің қалауыңызы құрметтейміз);
  • егер біз ақпаратты заңды мүдде негізінде пайдалансақ және сіз қарсылық білдіргеннен кейін, оны пайдалануды жалғастыру үшін басым мүддеміз жоқ деп тапсақ;
  • ақпарат заңсыз түрде алынды немесе пайдаланылды; немесе
  • заңды міндеттемені орындау үшін.
  • бізден оны өңдеуімізді шектеуді сұрау үшін

Бұл құқық, төмендегі жағдайларда сіздің ісіңізді қарау кезінде уақытша жарамды болады:

  • егер сіз біз пайдаланатын ақпараттың дұрыстығына наразылық білдірсеңіз; немесе
  • егер сіз ақпаратты заңды мүдде негізінде пайдалануымызға қарсылық білдірген болсаңыз

(егер осы жағдайларда құқығыңызды пайдалансаңыз, ақпаратты қайта пайдаланбас бұрын сізге хабарлаймыз).

Бұл құқықты келесі жағдайларда пайдалануға болады:

  • деректерді заңсыз түрде пайдаланудамыз және сіз оларды жоюға қарсысыз; немесе
  • бізге одан әрі деректер қажет емес, бірақ олар сізге сот ісін қозғау үшін қажет.
  • оны өңдеуімізге қарсылық білдіру үшін

Мұнда сізде екі құқық бар:

(i) егер біз сіз туралы ақпаратты тікелей маркетинг үшін пайдалансақ: «бас тартуыңызға» болады (оны негіздеу қажеттілігінсіз) және біз сіздің сұрауыңызды орындаймыз; және

(ii) егер біз сіз туралы ақпаратты тікелей маркетингтен басқа мақсаттар үшін заңды мүдде негізінде пайдалансақ, нақты бір жағдайыңыздың түсіндірмесін бере отырып, бұл ақпаратты сол мақсаттарда пайдалануымызға қарсылық білдіруіңізге болады және біз сіздің қарсылығыңызды ескереміз.

  • оны пайдалануға берген келісіміңізді қайтарып алу үшін

Бұл, сіз туралы ақпаратты пайдалану негізі келісім болып табылған жағдайда жарамды болады. Бұл жағдайлар мәнмәтіннен анық түрде түсінікті болады.

  • деректерді тасымалдау мүмкіндігіне

Егер:

(i) бізге деректерді берген болсаңыз; және

(ii) біз сол деректерді автоматтандырылған құралдар арқылы және сіздің келісіміңіздің негізінде не сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау негізінде пайдалансақ,

онда деректерді бізден жалпылай қолданылатын пішімде кері алуға және егер техникалық тұрғыда біз үшін қолайлы болатын болса, бізден деректерді басқа біреуге тасымалдауымызды сұрауға құқылы боласыз.

  • өз еліңіздегі бақылау органына шағым жіберу үшін

Еуропалық экономикалық аймақтың әрбір елі осы мақсат үшін бір немесе бірнеше мемлекеттік органды қарастыруы керек.

Олардың байланыс мәліметтерін мұнда таба аласыз:

http://ec.europa.eu/justice/data-protection/bodies/authorities/index_en.htm

Басқа елдер үшін өз еліңіздегі органның веб-сайтын қараңыз.

Елге байланысты қосымша тармақтар

Қай елде тұратыныңызға қарай, сізде кейбір қосымша құқықтар болуы мүмкін.

Егер Францияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

  • Егер сіз Францияда тұратын болсаңыз, сіз қайтыс болған жағдайда қолымыздағы сіз туралы ақпаратты не істейтінімізге қатысты нұсқаулар беруге құқылысыз (атап айтқанда, оны сақтауымыз қажет пе, әлде жоюымыз қажет пе және басқа адамдардың оны көруге құқығы болады ма). Келесілерді орындауыңызға болады:
  1. деректерді қорғау жөніндегі француздық бақылау органында («CNIL» деп аталады) тіркелген цифрлық қызмет провайдеріне жалпы нұсқаулар бере аласыз (бұл нұсқаулар сіз туралы ақпаратты пайдаланудың барлық түрлеріне қолданылады); немесе
  2. сіз туралы ақпаратты пайдалануымызға қатысты бізге нақты нұсқаулар бере аласыз.

Сіздің нұсқауларыңызды орындау үшін сіз туралы ақпаратты қандай да бір үшінші тұлғаға тасымалдауымыз қажет болуы мүмкін (бірақ егер ақпарат басқа тұлғалар туралы ақпаратты қамтыса, олардың құпиялылығын құрметтеу жөніндегі міндеттемеміз сіздің нұсқауларыңызды нақты орындай алмайтынымызды білдіруі мүмкін). Нұсқауларыңыздың орындалуын қамтамасыз ету үшін оған жауапты болатын үшінші тұлғаны тағайындауыңызға болады. Егер сіз cолайша үшінші тұлғаны тағайындамасаңыз, сіздің мұрагерлеріңіз (нұсқауларыңызда басқаша көрсетілмеген болса) сіз қайтыс болғаннан кейін сіз туралы ақпаратқа қатысты құқықтарыңызды пайдалануға құқылы болады:

  1. сіздің мүлкіңіздің әкімшілігін жүзеге асыру мақсатында (бұл жағдайда сіздің мұрагерлеріңіз сіздің мүлкіңіздің әкімшілігін жүзеге асыру үшін пайдалы болуы мүмкін болған ақпаратты, соның ішінде жанұя естелігі болып саналуы мүмкін болған және сіздің мұрагерлеріңізге тасымалдана алатын цифрлық тауарларды не деректерді анықтау және алу мақсатында сіз туралы ақпаратқа қатынаса алатын болады); және
  2. сіз туралы ақпаратты пайдаланатын тараптардың сіздің өліміңізді ескеруін қамтамасыз ету үшін (мысалы, сіздің есептік жазбаңызды жабу және сіз туралы ақпараттың пайдаланылуын шектеу не мұндай ақпаратты жаңарту).

Нұсқауларыңызды кез келген уақытта түзетуіңізге немесе қайтаруыңызға болады. Сіз қайтыс болған жағдайда сіз туралы ақпараттың қалай өңделетіні туралы қосымша ақпарат алу үшін 1978 жылдың 6 қаңтарында шыққан 78-17 заңның 40-1 тармағын қараңыз. Сіз қайтыс болғанда, әдепкі жағдайда, есептік жазбаңызды пайдалануды тоқтатасыз және біз өзіміздің сақтау саясаттарымызға сәйкес сіз туралы ақпаратты жоямыз (толық мәлімет алу үшін «Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады» бөлімін қараңыз).

Егер сіз Аустралияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

  • Егер сіз Аустралияда тұратын болсаңыз, сіз үшін келесі қосымша ақпарат қолданылады:
  1. егер сіз бізге жеке ақпаратыңызды бермесеңіз, сізге өзіңіз сұраған ақпаратты, өнімдерді немесе қызметтерді (тиісінше) қамтамасыз ете алмауымыз мүмкін; немесе сізбен (немесе сіздің жұмыс берушіңізбен) қандай да бір коммерциялық немесе іскери қарым-қатынасқа ене алмауымыз не оны басқа алмауымыз мүмкін; және
  2. біздің Құпиялылық туралы саясатымызда (https://www.pmiprivacy.com/en-au/homepage мекенжайында қолжетімді) келесілер сипатталады: (i) біздегі сіз туралы жеке ақпаратқа қалай қатынасатынымыз және оны қалай түзететініміз; (ii) сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуіміз туралы қалай шағым жасай аласыз; және (iii) біз шағымдарды қалай өңдейміз.

Сұрақтар бойынша кіммен байланысуыңыз керек?

Егер сұрақтарыңыз болса немесе құқықтарыңыздың қандай да бірін пайдаланғыңыз келсе, тиісті PMI аффилирленген тұлғасының және егер бар болса, деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті тұлғаның байланыс мәліметтерін мұнда таба аласыз. Сонымен қатар байланыс мәліметтері PMI аффилирленген тұлғаларының сізге жіберетін хабарламаларының ішінде қамтамасыз етілетін болады.

Егер сіздің еліңізде деректерді қорғау органы бар болса, барлық сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз бойынша оған хабарласуға құқылысыз. Егер тиісті PMI аффилирленген тұлғасы сіздің сұрақтарыңызды не алаңдаушылықтарыңызды шеше алмаса, құқықтық қорғаныс алу үшін ұлттық сотқа жүгінуге де құқығыңыз бар.

Осы ескертпеге өзгертулер енгізу

Бұл ескертпені (және құпиялылық туралы қосымша ескертпелерді) ауық-ауық жаңартып тұруымыз мүмкін. Заң бойынша талап етілген жағдайда, біз сізді осы өзгертулер туралы хабарландырамыз; сондай-ақ, егер заң бойынша талап етілсе, өзгертулер енгізуге сізден келісім сұраймыз.

Соңғы өзгерту күні: 1 наурыз 2022 ж. Бұл ескертпенің алдыңғы нұсқаларын мұнда таба аласыз.