Біз кімбіз?

Біз – Philip Morris International ұжымдық компаниялар тобының аффилирленген мүшесіміз. Топтың барлық аффилирленген мүшелері қажет болған жағдайда осы жерде деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті тұлғалардың байланыс ақпаратымен бірге тізімделген. Егер бізбен хабарласқыңыз келсе, осы мәліметтерді пайдаланыңыз.

Біздің мәліметтеріміз (атымыз, мекенжайымыз, т.б.) сіз туралы ақпаратты жинау кезінде (немесе оны растау үшін), мысалы, қандай да бір қолданбадағы не веб-сайттағы ескертпеде немесе осы ескертпеге сілтемені қамтитын электрондық пошта хабарламасында сізге бөлек берілетін болады.

«Philip Morris International» немесе PMI темекі өндіретін халықаралық жетекші тобы болып табылатын Philip Morris International компаниясын білдіреді. Ол бірқатар компаниялардан немесе «аффилирленген тұлғалардан» тұрады.

PMI аффилирленген тұлғалары: Philip Morris International компаниялар тобының әрбір мүшесі «PMI аффилирленген тұлғасы» болып табылады. «Біз» сөзі сіз туралы ақпаратты алғаш жинаған PMI аффилирленген тұлғасын білдіреді.

PMI өнімі: біздің өнімімізді немесе басқа PMI аффилирленген тұлғасының өнімін білдіреді.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай жинаймыз?

Сіз туралы ақпаратты әртүрлі жолдармен жинауымыз мүмкін.

  • Бізге ақпаратты тікелей беруіңіз мүмкін (мысалы, қандай да бір форманы толтыру, бізге қоңырау шалу немесе қандай да бір мобильді қолданба арқылы ақпаратты бізге жүктеп салу).
  • Егер сіз бізге ақпарат жіберуді таңдасаңыз, ақпаратты қандай да бір PMI электрондық құрылғысынан жинай аламыз.
  • Сіз біздің жүйелерімізбен өзара әрекеттескенде немесе біз сізбен хабар алмасқанда ақпаратты автоматты түрде жинауымыз мүмкін (мысалы, сіз қандай да бір PMI қолданбасын не веб-сайтын пайдаланғанда немесе біз сіздің электрондық пошта хабарламаларын қашан алғаныңызды не ашқаныңызды немесе SMS хабарламаларын қашан алғаныңызды бақылау технологияларын пайдаланғанда).
  • Сонымен қатар ақпаратты үшінші тұлғалардан жинауымыз мүмкін (мысалы, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желі платформаларындағы жалпыға қолжетімді ақпаратты немесе белгілі бір географиялық аймақтардағы халық туралы статистикалық ақпаратты).
  • Мысалы, заңмен рұқсат етілген жағдайда, біз сіз туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан алған жиынтық ақпараттан алуымыз мүмкін. Бұл, мысалы, белгілі бір географиялық аймақтардағы адамдар туралы статистикалық ақпаратты қамтуы мүмкін.

Бұл ескертпеде, біз сіздің бізбен хабарласатын барлық әдістерді «PMI өзара әрекеттесу нүктелері» деп атаймыз. PMI өзара әрекеттесу нүктелері әрі физикалық (мысалы, бөлшек сауда нүктелері мен іс-шаралар, тұтынушылардың байланыс орталықтары), әрі цифрлық (мысалы, қолданбалар мен веб-сайттар) өзара әрекеттесу нүктелерін қамтиды.

Сіз тікелей қамтамасыз ететін ақпаратты жинауымыз мүмкін. Әдетте бұл келесідей жағдайларда орын алады:

  • сіз біздің дерекқорларымыздың (соның ішінде бейілділік бағдарламаларының) мүшесі болу үшін тіркелген кезде, бұл жасты растауды (бұл, мысалы, жеке-дара, қолданба арқылы немесе онлайн режимде болуы мүмкін) қамтиды;
  • сіз біздің өнімдеріміз туралы ақпарат сұрағанда, бұл жасты тану мүмкіндігін қамтуы мүмкін (бұл қолданба арқылы немесе онлайн режимде сіздің бет-әлпетіңіздің компьютерлік талдауы болуы мүмкін);
  • сіз қандай да бір бөлшек сауда дүкенінен PMI өнімдерін не қызметтерін сатып алғанда;
  • сіз қандай да бір PMI цифрлық өзара әрекеттесу нүктесін (мысалы, қандай да бір қолданбаны немесе веб-сайтты) жүктеп алғанда немесе пайдаланғанда;
  • сіз қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесі немесе электрондық пошта, әлеуметтік желі не телефон арқылы бізбен байланысқанда;
  • сіз бізде қандай да бір құрылғыны тіркегенде;
  • сіз PMI панелінің порталына жазылған кезде;
  • сіз PMI баспасөз хабарламаларын, электрондық пошта ескертулерін немесе маркетингтік хабарламаларын алу үшін тіркелгенде;
  • сіз PMI сауалнамаларына немесе (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда) PMI жарыстарына немесе науқандарына қатысқанда; немесе
  • сіз қандай да бір PMI аффилирленген тұлғасы ұйымдастырған қандай да бір іс-шараға қатысқанда.

Егер сіз бізге ақпарат жіберуді таңдасаңыз, ақпаратты қандай да бір электрондық құрылғыдан жинай аламыз. Бұл интернетке тікелей қосылу арқылы немесе сіз жүктеп ала алатын қолданбаларымыздың бірі арқылы бізбен бөлісілуі мүмкін.

Сіз туралы ақпаратты автоматты түрде жинауымыз мүмкін. Әдетте бұл келесідей жағдайларда орын алады:

  • сіз PMI өнімдерін сататын дүкенге барғанда (мысалы, тапсырысыңызды рәсімдеу кезінде деректеріңізді жинау арқылы немесе дүкенде орналасқан және мобильді технологиямен байланысты болған сенсорлар көмегімен);
  • сіз қандай да бір PMI аффилирленген тұлғасы ұйымдастырған қандай да бір іс-шараға қатысқанда (мысалы, іс-шарадағы сатып алулар арқылы) немесе іс-шарада орын алатын және мобильді технологиямен байланысты болған сенсорлар көмегімен;
  • сіз бізбен хабарласқанда (мысалы, қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесі арқылы; немесе әлеуметтік желі платформалары арқылы);
  • сіз PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдаланғанда (мысалы, егер біз қадағалау механизмдерін (мысалы, сіз PMI өзара әрекеттесу нүктесін пайдаланғанда немесе бізден электрондық пошта хабарламасын немесе SMS хабарламасын алған кезде сіз алатын cookie файлдары және веб-маяктар/пиксельдер) пайдаланатын болсақ, солар арқылы);
  • сіз үшінші тұлғалардың веб-сайттарын пайдаланғанда (мысалы, сіз қандай да бір PMI өзара әрекеттесу нүктесіне барғанда немесе бізден қандай да бір электрондық пошта хабарламасын алғанда сіз алатын және жоғарыдағы тармақта сипатталғанға ұқсас болып табылатын технологияны пайдалану); немесе
  • сіз біз оқырманы болып табылатын әлеуметтік желі платформаларында қоғамдық хабарламаларды жариялағанда (мысалы, қоғамдық пікірді түсіне алуымыз үшін немесе PMI өнімдеріне қатысты сұрауларға жауап бере алуымыз үшін).

Жоғарыда айтылғандай, біз PMI цифрлық өзара әрекеттесу нүктелеріне барғанда немесе бізден қандай да бір электрондық пошта хабарламасын алған кезде сіз алатын cookie файлдары мен ұқсас бақылау технологияларын (веб-маяктар/пиксельдер сияқты) пайдалану арқылы сіз туралы ақпаратты автоматты түрде жинай аламыз. Қолданылатын нақты cookie файлдары мен тағы басқа механизмдер қарастырылып жатқан өзара әрекеттесу нүктесіне байланысты болады. PMI өзара әрекеттесу нүктесінде пайдаланылатын осы механизмдер, соның ішінде cookie файлдарын қалай қабылдай алатыныңыз немесе олардан қалай бас тарта алатыныңыз туралы қосымша мәлімет алу үшін сол өзара әрекеттесу нүктесінде не ол арқылы қолжетімді етілген ақпаратты қараңыз. Бұл механизмдер Google analytics cookie файлдарын қамтуы мүмкін (www.google.com/policies/privacy/partners/ мекенжайын қараңыз.)

Егер заңмен рұқсат етілген болса, сіз туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан жинауымыз мүмкін. Бұл PMI аффилирленген тұлғалары арасында бөлісілген ақпаратты, үшінші тұлғалардың әлеуметтік желі сайттарындағы (мысалы, Facebook және Twitter сияқты) жалпыға қолжетімді профиль ақпаратын (мысалы, сіздің таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз), маркетинг тізімдерін және үшінші тараптық агенттіктерден алынған қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.

Заңмен рұқсат етілген жағдайда, сіз туралы ақпаратты бізде бұрыннан бар ақпараттан алуымыз мүмкін. Мысалы, сіздің қалауларыңызды анықтау үшін үшінші тараптардан алатын, белгілі бір географиялық аймақтардағы адамдар туралы біріктірілген ақпаратты пайдалана аламыз.

Сондай-ақ сол кезде сізге ашық болған өзге мәнмәтіндердегі ақпаратты жинауымыз мүмкін.

Біз сіз туралы қандай ақпаратты жинаймыз?

Сіз туралы әртүрлі ақпаратты жинай аламыз:

  • сіздің тапсырыстарыңыз туралы ақпарат, соның ішінде оларды орындауға қажетті ақпарат
  • кепілдік аясындағы қызметтерді қамтамасыз етуге қажетті ақпарат
  • сіз жасаған сілтемелер туралы ақпарат
  • сіз формаларда немесе сауалнамаларда бізге беретін ақпарат және сіз үшінші тұлғаларға бізге тасымалдаулары үшін беретін ұқсас ақпарат
  • егер бізбен бөлісуді таңдаған болсаңыз, сіздің орналасқан жеріңіз туралы ақпарат (мысалы, мобильді телефоныңызда)
  • біздің дүкендерімізге не іс-шараларымызға (немесе біз бірге жұмыс істейтін басқа тұлғалардың дүкендеріне не іс-шараларына) келуіңіз туралы ақпарат
  • байланыс орталықтары (мысалы, қоңыраулар, чаттар, электрондық пошта хабарламалары, SMS хабарламалары) арқылы бізге берген ақпараттарыңыз
  • таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз туралы ақпарат (соның ішінде біз басқа ақпараттан, соның ішінде статистикалық ақпараттан алатын ақпарат)
  • сіздің жасыңызды растау үшін қажет болатын ақпарат
  • егер бізбен бөлісуді таңдаған болсаңыз, сіздің электрондық құрылғыңыздың тарапынан құрылған ақпарат (мысалы, IQOS)
  • өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдалану тәжірибелеріңіз туралы ақпарат
  • сіз туралы статистикалық ақпарат (мысалы, белгілі бір географиялық аймақтардағы адамдар туралы статистикалық ақпарат)

Сізден біз тікелей жинайтын ақпарат, сіз оны қандай мәнмәтінде қамтамасыз етсеңіз, ол сол мәнмәтіннен анық түрде түсінікті болады. Мысалы:

  • егер сіз қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесі арқылы бізден қандай да бір өнімге тапсырыс берсеңіз, сіздің тапсырысыңызды орындай алуымыз үшін сіз өз атыңызды, байланыс мәліметтеріңізді, төлем мәліметтеріңізді, төлем әдістеріңізді және өзіңіз таңдаған өнімдер туралы ақпаратты қамтамасыз етесіз;
  • сізге сізді қызықтыратын өнімдер мен қызметтерді ұсына алуымыз және өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсарта алуымыз үшін бізге өнім бойынша қалауларыңызды, қызығушылықтарыңызды және тәжірибелеріңізді қамтамасыз ете аласыз;
  • егер бізбен (немесе біздің өнімдерімізге не қызметтерімізге қолдау көрсететін біреумен) көрісу үшін кездесу тағайындасаңыз, сіздің атыңызды және байланыс мәліметтеріңізді жинауымыз мүмкін;
  • біз сіздің жасыңызды растауға мүмкіндік беретін ақпаратты, мысалы, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе бет-әлпетіңіздің суретін (фотосурет немесе бейне ретінде) жинай аламыз;
  • егер сіз біздің қолданбаларымыздың бірін жүктеп алған болсаңыз, белгілі бір мүмкіндіктер үшін сіздің орналасқан жеріңізді (қолданба жабық болғанда да, пайдаланылмаған кезде де) пайдалануға рұқсат сұрауымыз мүмкін. Мысалы, егер құрылғыңыз жоғалып қалса, «менің IQOS табу» мүмкіндігі құрылғыңызды табуға көмектеседі және егер сіз орналасқан жеріңізді бөліспесеңіз, ол тиісінше жұмыс істемейді. Біз орын туралы деректерді сақтамаймыз. Ол тек осы мүмкіндіктерге рұқсат беру үшін және тек егер қолданбадағы сәйкес ақпараттың ашылуына келісе отырып, осы деректерді бөлісуге келіскен жағдайда ғана пайдаланылады;
  • егер сіз біздің байланыс орталықтарымыздың бірімен, мысалы біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдалану тәжірибеңіз туралы хабарлассаңыз, сұрауларыңызды өңдей алуымыз үшін бізге ақпарат беруіңіз мүмкін.

Егер сіз бізге ақпаратты беруді таңдаған болсаңыз, біз қандай да бір электрондық құрылғыдан жинайтын ақпарат. Бұл қандай да бір PMI электрондық құрылғысы үшін мыналар туралы ақпаратты қамтуы мүмкін: (i) құрылғының өзі (мысалы, ұстаушының сериялық нөмірі, зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі, микробағдарлама нұсқасы, құрылғы қателері); және (ii) құрылғыны пайдалану (мысалы, шығын материалдарының саны (мысалы, IQOS құрылғысы үшін), тазартулар саны, батареяны пайдалану, үрлеу саны және құрылғының қызмет ету мерзімі туралы деректер (жоғарыдағылардың әрқайсысы үшін жиынтық мәндерді және уақыт таңбаларын қосқанда)).

Біз автоматты түрде жинайтын ақпарат жалпы келесілерге қатысты болады:

  • сіздің келуіңіз немесе қоңырау шалуыңыз туралы мәліметтер (мысалы, уақыты, күні және ұзақтығы);
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелеріне шалған қоңырауларыңыздың немесе келуіңіздің жазбалары (егер рұқсат етілген болса), оларды мәтіндік пішімге түрлендіруіміз мүмкін;
  • қандай да бір сауда орнына немесе іс-шараға (соның ішінде, жақын маңайдағы аймақтарға) қаншалықты жиі келесіз, қай аймақтарға және қанша уақытқа барасыз және сіздің сатып алуларыңыз;
  • цифрлық PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануыңыз (мысалы, қай беттерге кіргеніңіз, қай беттен келгеніңіз және шыққан кезде қай бетке өткеніңіз, енгізілген іздеу сөздері немесе сіз алғаш рет өзара әрекеттесу нүктесін ашқанда өзара әрекеттесу нүктесінде басылған сілтемелер, өзара әрекеттесу нүктесін қанша уақыт пайдаланатыныңыз және біз сізге жіберетін хабарламалармен немесе біз сізге көрсететін жарнамалармен қалай өзара әрекеттесетініңіз); мұны істеу үшін cookie файлдарын және ұқсас қадағалау технологияларын (мысалы, пиксельдер/веб-маяктар) пайдалана аламыз;
  • жиналған ақпараттың жоғарыдағы тармақта көрсетілгендерге ұқсас болатын үшінші тараптық веб-сайттарды пайдалануыңыз (мұны істеу үшін cookie файлдарын және ұқсас қадағалау технологияларын (мысалы, пиксельдерді/веб-маяктарды) пайдалануымыз мүмкін);
  • сіздің мобильді құрылғыңыз немесе үстел компьютеріңіз және бағдарламалық жасақтамаңыз (IP мекенжайы немесе бірегей құрылғы идентификаторы (мысалы, мобильді жарнама идентификаторы (MAID) не Android идентификаторы (SSAID)), орын деректері (немесе жалпы орналасқан жеріңіз (IP мекенжайыңыздан алынған, бұл жағдайда бізде бар ақпарат жалпы болады, мысалы, сіздің қалаңыз) немесе нақты орналасқан жеріңіз (егер сіз оны бізбен белгілі бір мақсаттарда бөлісуді таңдасаңыз, мысалы, дүкен локаторы)), құрылғының бренді мен үлгісі, мониторыңыздың дисплей параметрлері, веб-браузер түрі, операциялық жүйе, (кейбіреуі «цифрлық саусақ ізін алуда» пайдаланылуы мүмкін (төменде сіз туралы ақпаратты қандай мақсаттарда пайдаланатынымызды қараңыз)) және сіздің құрылғыңызда сақтауымыз мүмкін болған біздегі cookie файлдарыны (немесе ұқсас технологиялар) туралы мәліметтер); және
  • егер сіз PMI электрондық құрылғысы ақаулы болғандықтан, оны бізге қайтарсаңыз немесе дүкендеріміздің біріне әкелсеңіз және ондағы деректерді бізбен бөлісуді таңдасаңыз (жоғарыдағыдай), бұл деректерді құрылғыдан шығарып алуымыз мүмкін.

Үшінші тұлғалардан біз жинайтын ақпарат, әдетте, жалпыға қолжетімді ақпараттан (мысалы, сіздің қалауларыңыз, қызығушылықтарыңыз және тәжірибелеріңіз), мысалы, жалпыға қолжетімді әлеуметтік желі жазбаларынан тұрады.

Сіз туралы ақпаратты қандай мақсаттарда пайдаланамыз және заңды негіздер қандай?

Бұл бөлімде, жеке ақпаратты қандай мақсаттарда пайдаланатынымызды сипаттаймыз. Дегенмен, бұл жаһандық ескертпе болып табылады және егер елдің заңдары осы ескертпеде көрсетілген белгілі бір әрекеттерді шектейтін немесе оларға тыйым салатын болса, біз сіз туралы ақпаратты сол елде сол мақсаттарда пайдаланбаймыз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз сіз туралы ақпаратты келесі мақсаттарда пайдаланамыз:

  • Өнімдеріміздің пайдаланушысы ретінде сіздің жасыңызды және мәртебеңізді растау секілді нормативтік міндеттемелерді орындау үшін
  • Өнімдерімізді сізге сату, соның ішінде сіздің тапсырыстарыңызды орындау, төлемдеріңізді өңдеу үшін
  • Сізге сатуға қатысты қызметтер мен өнім бойынша қызметтерді қамтамасыз ету, соның ішінде сіздің сұрауларыңызды өңдеу және кепілдік және қолдау қызметтерін қамтамасыз ету үшін
  • Өнімдерімізді маркетингілеу (заңмен рұқсат етілген жағдайда), оның ішінде бейілділік бағдарламалары мен бағыттау бағдарламаларын басқару, өнімді жақсарту, нарықты зерттеу (және нарықты зерттеуде әділ тәжірибені көрсету мақсатында), маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік науқандарды басқару және мысалы, PMI өнімдерін сататын дүкендерде және іс-шараларда тәжірибеңізді және біз сізге жіберетін хабарламалардың немесе біз сізге көрсететін жарнамалардың мазмұнын сізге бейімдеу
  • Сіздің әлі де біздің маркетингтік материалдарымызға қызығушылық танытып-танытпайтыныңызы және оларды алуды жалғастырғыңыз келетін-келмейтінін түсіну үшін
  • Біздің немесе іскери серіктестеріміздің, сізді PMI өнімдерін маркетингілеуге немесе ілгерілетуге қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы хабарландыра алуымыз үшін
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелері мен PMI электрондық құрылғыларын пайдалана алуыңызға мүмкіндік беру және пайдалану тәжірибеңізді жақсарту үшін
  • Жоғарыда айтылғандардың барлығын қолдау үшін, соның ішінде сіздің есептік жазбаларыңызды басқару, сізбен хат алмасу, бізбен немесе біздің өнімдерімізді не қызметтерімізді қолдайтын біреумен тағайындалған кездесулеріңізді басқару (мысалы, жаңа өнімге немесе сатудан кейінгі қызметке қатысты), PMI өзара әрекеттесу нүктелері бойынша тәжірибеңізді өзіңізге бейімдеу, алаяқтыққа жол бермеу (мысалы, жарнамаларымыздың, байқауларымыздың және сауалнамаларымыздың аясында, оларға бір адамның бірнеше рет қатыспауын қамтамасыз ету үшін немесе карта ұстаушысының ақпаратын қорғау үшін электрондық коммерция аясында), қызметкерлерді оқыту және сапаны бақылау, әкімшілікті жүзеге асыру және мәселелерді шешу
  • Бизнесті талдау, статистика немесе ғылым мақсаттарында, соның ішінде PMI өнімдері (PMI электрондық құрылғыларынан жиналған деректер үшін, бұл тек егер сіз осы мақсаттарда бізге ақпарат жіберуді таңдаған болсаңыз ғана қолданылады) мен қызметтерін, дүкендері мен іс-шараларын және біз (немесе біздің аффилирленген тұлғаларымыз) өз тұтынушыларымызға қамтамасыз ететін ақпаратты жақсарту
  • Сіз туралы алғаш рет ақпарат жинаған кезде біз сізді хабарландыратын немесе мәнмәтіннен анық түрде түсінікті болатын өзге мақсаттар үшін

Сіз туралы ақпаратты пайдалануымыздың заңды негізі келесілердің бірі болып табылады (оны толығырақ «қосымша мәлімет» бөлімінде түсіндіреміз):

  • өзімізге қатысты заңды міндеттемені орындау;
  • сіз тараптарының бірі болып табылатын қандай да бір келісімшартты орындау;
  • ақпаратты қорғау жөніндегі мүдделеріңізден басым болып табылатын заңды іскери мүдде;
  • егер жоғарыдағылардың ешбірі қолданылмаса немесе заң бойынша қажет болғанда, сіздің келісіміңіз (ақпаратты өңдемес бұрын сізден осы келісімді сұраймыз).

Тиісті жинау әдістерімен және заңды пайдалану негізімен сіз туралы ақпаратты пайдалануымыздың мақсаттары келесілер:

Мақсаты

Жинау әдісі және өңдеудің заңды негізі

Нормативтік міндеттемелерді орындау

· өнімдеріміздің пайдаланушысы ретінде сіздің жасыңызды және мәртебеңізді растау (елге және PMI өзара әрекеттесу нүктесіне байланысты, мұны қолмен орындауға немесе автоматтандырылған процесс арқылы орындауға болады; кейбір елдерде сіз өзіңіздің бет-әлпетіңіздің суретін (фотосурет/бейне) жүктеп саласыз немесе бізге оған қатынасу рұқсатын бересіз, оны компьютерлер сіздің жасыңызды автоматты түрде анықтау үшін тексереді (бірақ сіздің жеке басыңызды анықтамайды)).

Бұл ақпаратты әдетте сіз бізге тікелей қамтамасыз етесіз.

Біз оны өнімдерді тек ересектерге сату жөніндегі заңды міндеттемені орындауымыз қажет болғандықтан немесе мұндай заңды міндеттеме жоқ елдерде өнімдерімізді тек ересектерге сатуға заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыздан мұндай мүддеден басым болмайды.

Өнімдерімізді жалға беру немесе сату

  • тапсырыстарыңызды орындау (соның ішінде, түбіртектерді жіберу)
  • төлемдеріңізді өңдеу
  • кепілдік және қолдау көрсету қызметтерін қамтамасыз ету

Бұл ақпаратты (әдетте, атыңыз, мекенжайыңыз, электрондық поштаңыздың мекенжайы, төлем ақпаратыңыз) әдетте сіз бізге тікелей қамтамасыз етесіз.

Біз оны өнімдеріміздің сатып алушысы немесе жалдаушысы ретінде сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау үшін пайдаланамыз.

Сатуға қатысты немесе өнім бойынша қолдау көрсетуге қатысты қызметтерді қамтамасыз ету

  • сіздің сұрауларыңызды және біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз бойынша тәжірибелеріңіз туралы ақпаратты өңдеу
  • сізбен хат алмасу
  • жалпы әкімшілік және мәселелерді шешу
  • бейілділік бағдарламаларын басқару

Бұл ақпаратты әдетте сіз бізге тікелей бересіз, бірақ ол біз автоматты түрде (мысалы, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және бізден келген электрондық пошта хабарламаларын пайдалануыңызды бақылау технологиясы (мысалы, cookie файлдары және веб-маяктар/пиксельдер) арқылы) және үшінші тараптық өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануыңызды бақылайтын ұқсас технология арқылы жинайтын ақпаратпен және (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпаратпен (мысалы, әлеуметтік желідегі жазбалармен) біріктірілуі мүмкін.

Біз оны клиенттерімізге сатуға қатысты қызметтерді және өнім бойынша қолдау көрсету қызметтерін қамтамасыз ету үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Өнімдерімізді маркетингілеу (егер заң бойынша рұқсат етілген болса)

  • сіздің таңдауларыңызды түсіну (мысалы, сізді қандай өнімдер не іс-шаралар қызықтырады немесе қандай өнімдерді не іс-шараларды сіздің қажеттіліктеріңізге бейімдеуге болады)
  • Сіздің әлі де біздің маркетингтік материалдарымызға қызығушылық танытып-танытпайтыныңызы және оларды алуды жалғастырғыңыз келетін-келмейтінін түсіну
  • бейілділік және бағыттау бағдарламалары бойынша әкімшілікті жүзеге асыру
  • сізді сауалнамаларға және нарықты зерттеу науқандарына қатысуға шақыру және оларды басқару
  • нарықты зерттеу және нарықты зерттеуде әділ тәжірибелерді көрсету үшін
  • маркетингтік стратегияларды әзірлеу
  • маркетингтік науқандарды басқару
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелеріндегі тәжірибеңізді өзіңізге бейімдеу (мысалы, сіздің келуіңізді сізді қызықтыруы мүмкін болған сәлемдесулермен немесе ұсыныстармен жекелендіру)

Бұл әдетте сіз бізге беретін ақпараттың (мысалы, сіздің атыңыз және байланыс мәліметтеріңіз және әлеуметтік желі мәліметтері); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, сіздің PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және бізден алған электрондық хабарламаларды (мысалы, электрондық пошта хабарламаларын және SMS хабарламаларын) қалай пайдаланатыныңызды бақылайтын технология (мысалы, cookie файлдары және веб-маяктар/пиксельдер) көмегімен); және (заң бойынша рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан (мысалы, қоғамдық әлеуметтік желі жазбаларынан) жинайтын ақпараттың тіркесімі болады.

Біз оны келесідей негіздердің бірінде пайдаланамыз:

  • мұны орындау үшін сіздің келісіміңізді алдық (бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады); немесе
  • өнімдерімізді маркетингілеу, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін басқару, сіздің тәжірибелеріңізді өзіңізге бейімдеу және бізден маркетингтік материалдарды алуды жалғастырғыңыз келіп-келмейтінін түсіну үшін заңды іскери мүддеміз бар, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Өнімдерімізді маркетингілеу (егер заң бойынша рұқсат етілген болса)

  • сізге PMI аффилирленген тұлғалары, олардың науқандары, өнімдері және қызметтері, дүкендері, іс-шаралары және біздің өнімдерімізді реттеу туралы ақпаратты қамтамасыз ету және оларды басқару
  • PMI аффилирленген тұлғаларына немесе сізге өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалар
  • осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды әзірлеу және жақсарту

Бұл әдетте сіз бізге беретін ақпараттың (мысалы, сіздің атыңыз және байланыс мәліметтеріңіз және әлеуметтік желі мәліметтері); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, сіздің PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және бізден алған электрондық хабарламаларды (мысалы, электрондық пошта хабарламаларын және SMS хабарламаларын) қалай пайдаланатыныңызды бақылайтын технология (мысалы, cookie файлдары және веб-маяктар/пиксельдер) көмегімен); және (заң бойынша рұқсат етілген болса) біз үшінші тұлғалардан (мысалы, қоғамдық әлеуметтік желі жазбалары мен статистикалық ақпараттан) жинайтын ақпараттың тіркесімі болады.

Біз бұл ақпаратты осы нәрселерді маркетингілеуде заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды.

Белгілі бір елдерде, заң бойынша талап етілетін болса, тек сіздің келісіміңізбен сізге осы материалдарды электрондық түрде жібереміз және осы технологияларды пайдаланамыз.

PMI өзара әрекеттесу нүктелері мен PMI электрондық құрылғыларын пайдалану

PMI өзара әрекеттесу нүктелері мен PMI электрондық құрылғыларын пайдалана алуыңызға мүмкіндік беру және пайдалану тәжірибеңізді жақсарту үшін

Егер бұл ақпаратты бізге жіберуді таңдаған болсаңыз, ол бізге құрылғының өз интернет байланысынан тікелей немесе сіз жүктеп ала алатын қолданбаларымыздың бірі арқылы жіберіледі.

Бұл мыналар туралы ақпаратты қамтуы мүмкін: (i) құрылғының өзі (мысалы, ұстаушының сериялық нөмірі, зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі, микробағдарлама нұсқасы, құрылғы қателері); және (ii) құрылғыны пайдалану (мысалы, темекілік HEET таяқшаларының саны (мысалы, IQOS құрылғылары үшін), тазартулар саны, батареяны пайдалану, үрлеу саны және құрылғының қызмет ету мерзімі туралы деректер (жоғарыдағылардың әрқайсысы үшін жиынтық мәндерді және уақыт таңбаларын қосқанда)).

Біз оны (a) сізге PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және PMI электрондық құрылғыларын қамтамасыз ету және ақпаратты қорғауға, сізге осындай қолдауды көрсету үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүдделеріңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды; немесе біз оны (b) сіз осындай қолданыстарға келісім бергендіктен пайдаланамыз (бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады).

Жоғарыда аталған барлық мақсаттарға қолдау көрсету

  • сіздің есептік жазбаларыңыздың әкімшілігін жүзеге асыру
  • PMI өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануыңызға мүмкіндік беру (мысалы, қандай да бір өзара әрекеттесу нүктесінің тек рұқсаты бар пайдаланушылар үшін резервтелген бөлімдеріне кірулі күйде қалуыңызға мүмкіндік беру, тіл бойынша таңдауыңызды басқару, шоппинг себетіңізді сізбен байланыстыру, PMI өзара әрекеттесу нүктесінің белгілі бір мүмкіндіктерін, мысалы, «менің IQOS табу» мүмкіндігін іске қосу (егер сіз өзіңіздің орналасқан жеріңізді бөлісуді таңдаған болсаңыз))
  • сізбен хат алмасу
  • бізбен немесе біздің өнімдерімізге не қызметтерімізге қолдау көрсететін біреумен тағайындалған кездесулеріңізді басқару (мысалы, қандай да бір жаңа өнімге немесе сатудан кейінгі қызметке қатысты)
  • тәжірибелеріңізді жетілдіру
  • алаяқтықтың алдын алу (мысалы, жарнамаларымызға, байқауларымызға және сауалнамаларымызға бір адамның бірнеше рет қатысуын болдырмау үшін сол жарнамаларымыздың, байқауларымыздың және сауалнамаларымыздың аясында немесе карта ұстаушысының ақпаратын қорғау үшін электрондық коммерция аясында)
  • қызметкерлерді оқыту және сапаны бақылау (соның ішінде, жиынтық деректерді алу үшін байланыс орталықтарына шалынған қоңыраулардың жазбаларының транскрипциясын пайдалану), әкімшілікті жүзеге асыру және мәселелерді шешу

Бұл әдетте сіз бізге беретін ақпараттың (әдетте атыңыз, құпия сөзіңіз (немесе баламасы)) және біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың (мысалы, жоғарыда көрсетілгендей құрылғыңыз, cookie файлдары және ұқсас қадағалау технологиялары, «цифрлық саусақ ізі» туралы ақпарат және (рұқсат етілген жағдайда) қоңырауларыңыздың жазбалары (және сол жазбалардың транскрипциялары) немесе PMI өзара әрекеттесу нүктелеріне кіру) тіркесімі болады.

Біз оны өзіміз қолдау көрсететін ақпаратты пайдалану мақсатына сәйкес келетін негіздерде пайдаланамыз. Мысалы, егер сіздің есептік жазбаңызды қандай да бір сатып алуға қолдау көрсету немесе сатудан кейінгі қызметті қамтамасыз ету үшін басқаратын болсақ, біз ақпаратты өнімдеріміздің сатып алушысы ретінде сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау үшін пайдаланамыз; егер сіздің есептік жазбаңызды сізге өз өнімдерімізді көрсету үшін басқаратын болсақ, біз маркетингке қолдау көрсетеміз және солайша біз оны өнімдерімізді маркетингілеу үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, өзіңіз туралы ақпаратты қорғау мүддеңіз, құқықтарыңыз және бостандықтарыңыз мұндай мүддеден басым болмайды, және т.с.с.

Бизнесті талдау және жетілдіру

  • біздің немесе іскери серіктестеріміздің, сізді PMI өнімдерін ілгерілетуге қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы хабарландыра алуымыз үшін
  • бизнесті талдау, статистика немесе ғылым мақсаттарында (соның ішінде PMI өнімдері (электрондық құрылғылардан жиналған деректер үшін, бұл тек егер сіз осы мақсаттарда бізге ақпарат жіберуді таңдаған болсаңыз ғана қолданылады) мен қызметтерін, PMI өнімдерін сататын дүкендерін, іс-шараларды, цифрлық PMI өзара әрекеттесу нүктелерін және біз (немесе біздің аффилирленген тұлғаларымыз) өз клиенттерімізге қамтамасыз ететін ақпаратты жақсарту)

Бұл әдетте сіз бізге беретін ақпараттың (мысалы, PMI өзара әрекеттесу нүктелерімен алмасқан хабарламаларыңыздағы ақпарат немесе демографиялық ақпарат, мысалы, жасыңыз, жынысыңыз және сіз тұратын қала); біз сіздің электрондық құрылғыңыздан жинайтын ақпараттың (ол PMI электрондық құрылғылары үшін электрондық құрылғыңыз және оны пайдалануыңыз туралы ақпаратты қамтиды, бірақ белгілі бір деректерді пайдалануға келісіміңізді сұрасақ, біз бұл деректерді сіз келісім бермейінше осы мақсаттарда пайдаланбаймыз); біз автоматты түрде жинайтын ақпараттың; және (заң бойынша рұқсат етілген жағдайда) біз үшінші тұлғалардан жинайтын ақпараттың тіркесімі болады. Егер бізде осы санаттардан ақпараттың бірнеше түрі бар болса, оларды өз талдауымызды жақсарту үшін біріктіреміз.

Біз оны келесідей негіздердің бірінде пайдаланамыз:

  • мұны орындау үшін сіздің келісіміңізді алдық (бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады); немесе
  • бизнесіміздің өнімділігін, өнімдерімізді, PMI өзара әрекеттесу нүктелерін, дүкендері мен іс-шараларын талдау және жақсарту және басқа адамдарды PMI өнімдерін жарнамалауға қатысуға шақыру үшін заңды іскери мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, сіз туралы ақпаратты жинау мүдделері, құқықтары және бостандықтары мұндай мүддеден басым болмайды.

Егер біз сіз туралы ақпаратты пайдалануымызды жоғарыдағы заңды негіздермен негіздемесек немесе егер бұл заң бойынша талап етілсе, ақпаратты өңдемес бұрын сізден келісім сұраймыз (бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады).

Кейбір жағдайларда, сіз туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілмеген жолдармен пайдалануымыз мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса, біз осындай қолданысты түсіндіретін қосымша құпиялылық ескертпесін қамтамасыз етеміз. Осы ескертпемен бірге келетін барлық қосымша ескертпелерді оқып шығуыңыз керек.

Сіздің ақпаратыңызды кіммен және қандай мақсаттарда бөлісеміз?

Сіз туралы ақпаратты төменде аталғандармен бөлісуіміз мүмкін:

  • PMI аффилирленген тұлғалары;
  • PMI аффилирленген тұлғаларына немесе сізге өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалар;
  • PMI аффилирленген тұлғаларының мұқият таңдалған іскери серіктестері мен жарнама берушілері (біздің өнімдерімізбен байланысты болған немесе олардың стилі мен кескініне сәйкес болған салаларда), солайша олар сіздің таңдауларыңызға сәйкес сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлаған ұсыныстары бойынша сізбен хабарласа алады; және
  • заң бойынша талап етілгенде немесе рұқсат етілген жағдайда, басқа үшінші тұлғалар.

Біз сіз туралы ақпаратты басқалармен тек қолданыстағы заңдарға сәйкес түрде бөлісеміз. Сондықтан, егер заң бойынша сіздің келісіміңіз қажет болса, біз алдымен сіздің келісіміңізді сұраймыз.

Деректерді басқа PMI аффилирленген тұлғаларымен бөлісу

  • Сіз туралы ақпарат Philip Morris Products S.A. компаниясымен (Швейцарияның Невшатель қаласында орналасқан) бөлісіледі, бұл PMI аффилирленген тұлғалары үшін жеке деректерді өңдеудің орталық әкімшілік орны болып табылады. Philip Morris Products S.A. сіз туралы ақпаратты осы ескертпеде көрсетілген барлық мақсаттар үшін өңдейді.
  • Сіз туралы ақпарат осы ескертпеде көрсетілген барлық мақсаттар үшін сіз тұратын елге жауапты PMI аффилирленген тұлғасымен бөлісілуі мүмкін (егер ол ақпаратты алғаш жинаған PMI аффилирленген тұлғасы болмаса).
  • Сіз туралы ақпарат сізге көрсететін қызметімізді жетілдіру мақсатында сіз (мысалы, сіз саяхаттағанда және жаңа елде PMI өнімдерін қайдан сатып алуға болатынын немесе PMI өнімдері бойынша қызметті не қолдауды қайдан табуға болатынын білгіңіз келгенде) байланысатын басқа PMI аффилирленген тұлғаларымен бөлісілуі мүмкін.
  • PMI аффилирленген тұлғалары мен олар құрылған елдер туралы мәліметтер біздің веб-сайтымызда қолжетімді.

Елге байланысты қосымша тармақтар

Қай елде тұратындығыңызға қарай, кейбір қосымша тармақтардан хабардар болуыңызды қалаймыз.

Егер сіз Жапонияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Жапонияда болсаңыз, сіз туралы ақпаратты осы ескертпеде көрсетілген мақсаттарда жапондық дерек қорғау заңдарының аясында «ортақ пайдалану» негізінде басқа PMI аффилирленген тұлғаларымен бөлісетінімізді ескеріңіз. Біз мұны орындағанда, Philip Morris Japan Limited компаниясы сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуді жауапкершілікті түрде жалғастырады және біз деректерді кіммен бөліссек, солардан да дәл осыны орындауды талап етеміз. Оған қоса, егер олар Жапониядан тыс орналасқан болса, біз тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес қисынды шараларды қабылдаймыз.

Деректерді үшінші тұлғалармен бөлісу

Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілетін шамада, сіз туралы ақпаратты PMI аффилирленген тұлғаларына не сізге өнімдерді не қызметтерді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен (мысалы, кеңесшілермен, төлем қызметінің провайдерлерімен, жеткізу қызметінің провайдерлерімен, бөлшек саудамен айналысатын сатушылармен, өнім жөніндегі нұсқаушылармен, ақпарат қызметтерінің провайдерлерімен және жасты растау қызметінің провайдерлерімен) бөлісуіміз мүмкін.

Қолданыстағы заңмен барынша рұқсат етілген шамада, сіз туралы ақпаратты PMI аффилирленген тұлғаларының мұқият таңдалған үшінші тараптық іскери серіктестерімен және жарнама берушілерімен бөлісуіміз мүмкін (сіз біздің өнімдерімізбен байланыстыра алатын нәрселерге сәйкес, мысалы, олардың ұқсас не толықтырушы кескіні, стилі немесе функциялары бар болғандықтан), солайша олар сіздің таңдауларыңызға сәйкес сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлаған өнімдер, қызметтер және науқандар бойынша сізбен хабарласа алады.

Егер заң бойынша талап етілсе немесе рұқсат етілсе, сіз туралы ақпаратты басқа үшінші тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін, мысалы: реттеу органдарымен; мемлекеттік бөлімдермен; құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік лауазымды тұлғалардың сұрауына жауап ретінде; біз қандай да бір физикалық зиянның не қаржылық шығынның алдын алу үшін немесе күдікті не нақты заңсыз әрекетті тергеуге байланысты; және ұйымдық қайта құрылымдау жағдайында ақпаратты ашу қажет немесе орынды деп санағанда.

Елге байланысты қосымша тармақтар

Қай елде тұратындығыңызға қарай, кейбір қосымша тармақтардан хабардар болуыңызды қалаймыз.

Егер сіз Германияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Германияда тұратын болсаңыз, жасты растау мақсатында сіз туралы ақпаратты SCHUFA Holding AG компаниясымен бөлісеміз, оның мекенжайы Kormoranweg 5, 65201 Wiesbaden., тел.: +49 611 92780. Олардың сіз туралы ақпаратты қалай өңдейтіні туралы қосымша мәлімет алу үшін мұнда олардың құпиялылық ескертпесін қараңыз.

Егер сіз Жапонияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Жапонияда болсаңыз, сіз туралы ақпаратты осы ескертпеде көрсетілген мақсаттарда жапондық дерек қорғау заңдарының аясында «ортақ пайдалану» негізінде Dentsu Tech Inc. («Dentsu») компаниясымен бөлісетінімізді ескеріңіз. Біз мұны орындағанда, Philip Morris Japan Limited компаниясы сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуді жауапкершілікті түрде жалғастырады және біз Dentsu компаниясынан да дәл осыны орындауды талап етеміз.

Сіз туралы ақпарат қайда жіберілуі мүмкін?

Кез келген көпұлтты ұйым сияқты, біз ақпаратты бүкіл әлемдік деңгейде өзіміздің аффилирленген тұлғаларымызға және қызмет провайдерлерімізге тасымалдаймыз. Сондықтан сіздің деректеріңіз біздің стандартты операцияларымыздың аясында басқа елдерге тасымалдануы мүмкін. Біз сіздің деректеріңізді шетелге тасымалдаған кезде, тек сіздің деректеріңізді көруді қажет ететіндерге ғана сіздің деректеріңізге қатынасуға рұқсат береміз, деректеріңізді өзіміздің ішкі деректер қорғау стандарттарымызға сәйкес өңдейміз, оларды тиісінше қорғаймыз және ақпаратты тек қолданыстағы дерек қорғау заңдарына сәйкес тасымалдаймыз. Деректер тасымалданған кезде біз қабылдаушы тараптан деректеріңізді құпия сақтауды, қажет болмаған кезде оны жоюды және осы құпиялылық туралы ескертпеге сәйкес әрекет етуді талап етеміз. Сәйкесінше, сіз туралы ақпарат сіздің юрисдикцияңыздан тыс жерлерге тасымалдануы мүмкін. Мысалы, егер сіз ЕО аумағында, ЕЭА аумағында, Ұлыбританияда немесе Жапонияда тұратын болсаңыз, сіздің деректеріңіз басқа елде өңделуі мүмкін.

Осы ескертпеде көрсетілгендей ақпаратты пайдаланған кезде, сіз туралы ақпарат жинау елінің не аумағының ішінде немесе одан тыс жерлерге, соның ішінде, баламалы дерек қорғау стандарттары болмаған қандай да бір елге не аумаққа тасымалдануы мүмкін.

Мысалы, біз немесе ЕО және ЕЭА аумағындағы басқа PMI аффилирленген тұлғалары жеке ақпаратты ЕО және ЕЭА аумағынан тыс орналасқан PMI аффилирленген тұлғаларына немесе олардың қызмет провайдерлеріне тасымалдай алады. Барлық осындай жағдайларда, ақпарат тасымалы келесідей болады:

Ұлыбританиядан жасалатын тасымалдаулар үшін, Ұлыбританияның Деректерді қорғау жөніндегі жалпы ережелеріне (GDPR) және Ақпарат комиссары кеңсесінің нұсқауларына сәйкес.

Барлық жағдайларда, сол елдерде немесе аумақтарда қолданыстағы дерек қорғау заңдарына сәйкес жеке ақпаратты қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шаралары қолданылады.

Біздің қызмет жеткізушілеріміз әлем бойынша көптеген елдерде, соның ішінде, ЕЭА аумағында, Швейцарияда, АҚШ-та, Канадада, Үндістанда, Филиппинде, Индонезияда және Аустралияда орналасқан.

Біз сіз туралы ақпаратты қалай қорғаймыз?

Біз өзіміздегі жеке ақпаратты рұқсатсыз ашудан, пайдаланудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғау үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асырамыз. Қажет болғанда, біз сіз қамтамасыз ететін ақпаратты қорғауға көмектесетін шифрлау әдісін және тағы басқа технологияларды пайдаланамыз. Сонымен қатар біз өзіміздің қызмет провайдерлерімізден деректердің құпиялылығы және қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды талап етеміз

Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады?

Біз сіз туралы ақпаратты өзіміздің ішкі дерек сақтау стандарттарымызға сәйкес ақпарат жинау мақсаттарын жүзеге асыруға қажет болатын мерзім бойы сақтаймыз. Одан кейін біз оны жоямыз. Мерзім ақпараттың жиналу мақсаттарына қарай әртүрлі болады. Кейбір жағдайларда, бізден ақпаратты жоюды сұрауға құқылы екеніңізді ескеріңіз. Сондай-ақ, біз кейде ақпаратты сақтауға, мысалы, ақпаратты салық және бухгалтерлік есеп мақсаттарында белгіленген ең аз мерзім бойы сақтауға немесе белгіленген максималды мерзімнен кейін жоюға заңды түрде міндетті боламыз.

Әдетте, біз деректерді төмендегі кестеде көрсетілген шарттар негізінде сақтаймыз. Егер бұл мерзімдер, мысалы, салық және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін ақпаратты белгіленген ең аз мерзім бойы сақтау немесе белгіленген максималды уақыт кезеңінен кейін жою жөніндегі заңды міндеттемелерге қайшы келсе, біз оның орнына сол белгіленген мерзімдерді қолданамыз.

Түрі

Түсіндірме/әдеттегі сақтау шарттары

сізге маркетингілеу (соның ішінде, маркетингтік хабарламалар) (егер сіз цифрлық өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалансаңыз және сізбен хабарласу мүмкін болса)

Маркетингтік профиліңіздегі ақпараттың көп бөлігі сізбен маркетингтік қарым-қатынасымыздың мерзімі бойы; мысалы, сіз цифрлық өзара әрекеттесу нүктелерін пайдалануды немесе біздің хабарламаларымызға жауап беруді жалғастырған мерзім бойы сақталады. Дегенмен, сіздің маркетингтік профиліңіздің кейбір элементтері, мысалы, сізбен қалай өзара әрекеттесетініміздің жазбалары белгілі бір мерзім (әдетте 3 жыл) өткеннен кейін ескереді, солайша біз олардың жиналу мақсатына сәйкес белгілі бір мерзім аяқталғаннан кейін оларды автоматты түрде жоямыз.

сізге маркетингілеу (соның ішінде, маркетингтік хабарламалар) (егер сіз бізбен одан әрі байланыста болмасаңыз)

Бұл сценарий жоғарыдағымен бірдей, бірақ ұзақ уақыт бойы (әдетте 2 жыл) сізбен байланыста болмасақ, біз сізге маркетингтік хабарламаларды жіберуді тоқтатамыз және оларға берілген жауаптар тарихын жоямыз. Мұндай жағдай, мысалы, егер сіз осы мерзім ішінде іс-шараға жасалған шақыру арқылы өтпесеңіз, цифрлық өзара әрекеттесу нүктесіне кірмесеңіз немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласпасаңыз, орын алады. Себебі, мұндай жағдайларда, біз сіздің хабарламаларды алғыңыз келмейтінін болжаймыз.

сізге маркетингілеу (соның ішінде, маркетингтік хабарламалар) (егер сізбен хабарласу мүмкін болмаса)

Егер сіз маркетингтік хабарламаларды алуға тіркелген болсаңыз, бірақ сізбен байланыса алуымыз үшін бізге берген ақпарат дұрыс болмаса, қайтып келіп, ақпаратыңызды түзете алуыңыз үшін мәліметтеріңізді әдетте тек 1 жыл сақтаймыз.

сізге маркетингілеу (соның ішінде, маркетингтік хабарламалар) (аяқталмаған тіркеулер)

Егер сіз өзіңізді дерекқорда тіркеуді бастасаңыз, бірақ процесті аяқтамасаңыз (мысалы, жасты растау процесін аяқтамасаңыз немесе өзара әрекеттесу нүктесін пайдалану шарттарын қабылдамасаңыз), біз сіздің мәліметтеріңізді (сіздің қайтып келіп, процесті аяқтай алуыңыз үшін) жетіспейтін ақпарат түріне қарай 30 күнге дейін сақтаймыз.

нарықты зерттеу

Егер сіз бізде басқа мақсаттарда (мысалы, маркетингтік хабарламалар, кепілдіктер, тұтынушыларға қызмет көрсету) тіркелмеген болсаңыз және біз нарықты немесе сіздің қалауларыңызды түсіну үшін сіз туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты пайдаланатын болсақ, біз нарықты зерттеудің белгілі бір тармағын жүзеге асыру үшін сіз туралы ақпаратты қысқа мерзім бойы сақтаймыз.

Егер біз сіз туралы ақпаратты басқа нарықтық зерттеулер аясында жинайтын болсақ, біз бұл ақпаратты келесідей мақсаттарда және мерзімдер бойы сақтаймыз:

  • қисынды шамада талап етілетін мерзім бойы (әдетте 1 жылдан аспайды) нарықты зерттеудің жеке тармағының мақсаттары үшін; және
  • әділ тәжірибелерді көрсетуіміз қажет болған мерзім бойы әділ тәжірибелерді көрсету мақсаттарында және сақтаудың әлі де қажет болып-болмағанын анықтау үшін осы мақсатқа қол жеткізіліп-жеткізілмегенін жүйелі түрде тексеретін боламыз.

сатып алулар, бейілділік транзакциялары және кепілдік

Егер сіз тауарлар сатып алсаңыз немесе қандай да бір бейілділік транзакциясын орындасаңыз, бұл туралы мәліметтерді сатуды аяқтау және заңды міндеттемелерді орындау (мысалы, салық және бухгалтерлік есеп жазбаларын жүргізу мақсаттарында және алаяқтықты болдырмау мақсаттарында) үшін қажет болатын мерзім бойы сақтаймыз. Сонымен қатар, егер сіз қандай да бір құрылғы үшін қандай да бір кепілдікке тіркелсеңіз, біз бұл туралы мәліметтерді сол кепілдікке сәйкес келетін мерзім бойы сақтаймыз.

клиенттерге қолдау көрсету

Егер сіз клиенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарлассаңыз, біз мәселенің (соның ішінде, сұрауыңыздың мәліметтері мен өзіміздің жауабымыздың) жазбасын жасаймыз және оны біздің қарым-қатынасымызға қатысы бар болған мерзім бойы, мысалы, кепілдік аясындағы қандай да бір құрылғыны ауыстыруымыз қажет болатын жағдайлар үшін сақтаймыз. Уақытша жазбалар (мысалы, сіз бізден сізді қандай да бір бөлшек сауда дүкеніне бағыттауды сұрайтын қандай да бір телефон қоңырауының автоматты жазбасы) тек тұрақтырақ жазбалар жасалғанша маңызды болуы мүмкін және тек уақытша сақталады.

жүйе аудиті және алаяқтықтың алдын алу

Жүйе аудитінің журналдары жүйені қалпына келтіру үшін әдетте 6 айға дейін және алаяқтықтың алдын алу үшін 10 жылға дейін сақталады.

бизнесті талдау

Біз бизнесті талдауға қатысты деректердің көбін жоғарыдағы кестенің бірінші жолында көрсетілгендей сізбен маркетингтік қарым-қатынасымыз болған мерзім бойы сақтаймыз. Дегенмен, оның кейбір элементтері, мысалы құрылғы туралы кейбір ақпарат (егер оны бізбен бөлісуді таңдаған болсаңыз), белгілі бір мерзімнен кейін ескереді, солайша олардың жиналу мақсаттарына сәйкес белгілі бір мерзім өткеннен кейін біз оларды автоматты түрде жоямыз.

құрылғы туралы деректер

Біз сіздің құрылғыңыздан жиналған деректерді (егер сіз оларды бізбен бөлісуді таңдаған болсаңыз) оларды пайдалану мақсаттарына сәйкес әртүрлі мерзімдер бойы сақтаймыз:

  • өнімді жақсарту: 5 жыл (немесе егер сіз маркетинг профилін жойсаңыз, ертерек жойылады)
  • бизнесті талдау: 5 жыл (немесе егер сіз маркетинг профилін жойсаңыз, ертерек жойылады)
  • құрылғыны диагностикалау және жаңарту: қызметті жеткізгеннен кейін бірден жойылады
  • тұтынушыға әділ қарым-қатынасты көрсету: 10 жыл

жасты растау

Бізге жасыңызды растау үшін жіберген мәліметтеріңіз біз растау процесін аяқтағаннан кейін жойылады. Мұны істеу үшін біз бірнеше процесті орындаймыз және сақтау мерзімі одан кейінгі процеске қарай бірнеше минуттан алты айға дейін әртүрлі болады. Сондай-ақ біз кейбір мәліметтерді алаяқтықты болдырмау мақсаттарында бөлек сақтаймыз – жоғарыны қараңыз.

компьютер талдауы арқылы жасты анықтау (мұны, егер сіз біздің өнімдеріміз туралы ақпарат сұрасаңыз, қолдануға болады)

Талдаудан кейін сіздің кескініңіз бірден жойылады (талдау тек бірнеше секундты ғана алады).

Сіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?

Бізде болған сіз туралы ақпарат бойынша сізде төменде көрсетілген құқықтардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:

  • бізден оған қатынасу мүмкіндігін сұрау;
  • бізден оны түзетуді, жаңартуды немесе жоюды сұрау;
  • нақты жағдайларда бізден оны пайдалануымызды шектеуді сұрау;
  • нақты жағдайларда, біздің оны пайдалануымызға қарсылық білдіру;
  • оны пайдалануымызға берген келісіміңізді қайтарып алу;
  • нақты жағдайларда деректерді тасымалдау мүмкіндігі;
  • оны тікелей маркетинг үшін пайдалануымыздан бас тарту; және
  • өз еліңіздегі бақылау органына (егер бар болса) шағым жіберу.

Біз сізге, мысалы, «жазылымнан бас тарту» сілтемелері немесе сіз алатын хабарламаларда сізге байланыс мекенжайын беру сияқты осы құқықтарды пайдаланудың оңай жолдарын ұсынамыз.

Біз ұсынатын кейбір мобильді қолданбалар да сізге push-хабарламаларды, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы push-хабарламаларды жіберуі мүмкін. Бұл хабарламаларды өз телефоныңыздағы немесе қолданбадағы параметрлер арқылы өшіруіңізге болады.

Сіздің құқықтарыңыз еліңіздің заңдарына байланысты болады. Егер сіз Ұлыбританияда Еуропа одағында, Еуропалық экономикалық аймақта тұратын болсаңыз, төмендегі кестеде көрсетілген құқықтарға ие боласыз. Егер басқа жерде тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алу үшін бізбен байланысуыңызға болады (осы ескертпенің соңындағы «сұрақтар бойынша кіммен байланысуыңыз керек?» бөлімін қараңыз).

Бізде болған сіз туралы ақпаратқа қатысты құқығыңыз

Қосымша мәлімет (ескертпе: осы барлық құқықтарға белгілі бір заңды шектеулер қойылады)

бізден оған қатынасу мүмкіндігін сұрау үшін

Бұл келесінің растауы болып табылады:

  • сіз туралы ақпаратты өңдеп-өңдемейтініміз;
  • біздің атымыз және байланыс мәліметтеріміз;
  • өңдеу мақсаты;
  • қатысты ақпараттың санаттары;
  • біз ақпаратты бөлісетін адамдардың санаттары және егер қандай да бір адам Ұлыбритания/ЕО/ЕЭА аумағынан тыс болса және Еуропалық комиссияның шаралардың жеткіліктілігі туралы шешімінен ешқандай артықшылық алмайтын болса, ақпаратты қорғаудың тиісті сақтық шаралары;
  • егер сізден жинамаған болсақ, (егер бізде бар болса) ақпарат көзі;
  • (егер орындайтын болсақ, бұл сіздің назарыңызға жеткізілетін болады) сізге қатысты заңды әсерлер туындататын немесе сізге ұқсас жолмен айтарлықтай әсер ететін профильдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған шешім қабылдау құралдарының, қатысты логика туралы ақпараттың, сондай-ақ сіз үшін осындай өңдеудің маңыздылығы мен болжамды салдарының болуы; және
  • біз ақпаратты сақтайтын мерзімді анықтау шарттары.

Сіздің сұрауыңызбен, біз өзіміз қолданатын сіз туралы ақпараттың көшірмесін сізге қамтамасыз етеміз (егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарына және бостандықтарына әсер етпейтін болса).

бізден оны түзетуімізді немесе жаңартуымызды сұрау үшін

Бұл, егер біздегі ақпарат нақты немесе толық болмаса, қолданылады.

оны жоюымызды сұрау және кейбір жағдайларда осы құқыққа қосымша болып табылатын ұмытылу құқығы

Бұл келесі жағдайларда қолданылады:

  • егер біздегі ақпарат біз оны пайдаланған мақсаттар үшін енді қажет болмаса;
  • егер біз ақпаратты сіздің келісіміңіздің негізінде пайдалансақ және сіз келісіміңізді қайтарып алсаңыз (бұл жағдайда, егер сіз бізге сіз туралы ақпараттың барлығын жоюымызды қалайтыныңызды айтпасаңыз, сізбен қайта хабарласпаймыз, ал егер бізге сіз туралы ақпараттың барлығын жоюымызды қалайтыныңызды айтсаңыз, сіздің қалауыңызы құрметтейміз);
  • егер біз ақпаратты заңды мүдде негізінде пайдалансақ және сіз қарсылық білдіргеннен кейін, оны пайдалануды жалғастыру үшін басым мүддеміз жоқ деп тапсақ;
  • ақпарат заңсыз түрде алынды немесе пайдаланылды; немесе
  • заңды міндеттемені орындау үшін.

бізден оны өңдеуімізді шектеуді сұрау үшін

Бұл құқық, төмендегі жағдайларда сіздің ісіңізді қарау кезінде уақытша жарамды болады:

  • егер сіз біз пайдаланатын ақпараттың дұрыстығына наразылық білдірсеңіз; немесе
  • егер сіз ақпаратты заңды мүдде негізінде пайдалануымызға қарсылық білдірген болсаңыз

(егер осы жағдайларда құқығыңызды пайдалансаңыз, ақпаратты қайта пайдаланбас бұрын сізге хабарлаймыз).

Бұл құқықты келесі жағдайларда пайдалануға болады:

  • деректерді заңсыз түрде пайдаланудамыз және сіз оларды жоюға қарсысыз; немесе
  • бізге одан әрі деректер қажет емес, бірақ олар сізге сот ісін қозғау үшін қажет.

оны өңдеуімізге қарсылық білдіру үшін

Мұнда сізде екі құқық бар:

(i) егер біз сіз туралы ақпаратты тікелей маркетинг үшін пайдалансақ: «бас тартуыңызға» болады (оны негіздеу қажеттілігінсіз) және біз сіздің сұрауыңызды орындаймыз; және

(ii) егер біз сіз туралы ақпаратты тікелей маркетингтен басқа мақсаттар үшін заңды мүдде негізінде пайдалансақ, нақты бір жағдайыңыздың түсіндірмесін бере отырып, бұл ақпаратты сол мақсаттарда пайдалануымызға қарсылық білдіруіңізге болады және біз сіздің қарсылығыңызды ескереміз.

оны пайдалануға берген келісіміңізді қайтарып алу үшін

Бұл, сіз туралы ақпаратты пайдалану негізі келісім болып табылған жағдайда жарамды болады. Бұл жағдайлар мәнмәтіннен түсінікті болады (мысалы, егер сіз біздің қолданбаларымыздың біріндегі таңдаулар орталығы арқылы келісіміңізді берген болсаңыз, сәйкес қосқышты өшіру арқылы келісіміңізді қайтарып алуыңызға болады).

деректерді тасымалдау мүмкіндігіне

Егер:

(i) бізге деректерді берген болсаңыз; және

(ii) біз сол деректерді автоматтандырылған құралдар арқылы және сіздің келісіміңіздің негізінде не сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау негізінде пайдалансақ,

онда деректерді бізден жалпылай қолданылатын пішімде кері алуға және егер техникалық тұрғыда біз үшін қолайлы болатын болса, бізден деректерді басқа біреуге тасымалдауымызды сұрауға құқылы боласыз.

өз еліңіздегі бақылау органына шағым жіберу үшін

Егер қандай да бір шағымыңыз болса, оны сіз үшін тікелей шешуге қуанышты боламыз. Қандай да бір бақылау органымен байланыспастан бұрын, осы ескертпенің басында сілтемемен берілген байланыс мәліметтері арқылы бізбен хабарласуды қарастырыңыз.

Егер қандай да бір бақылау органымен байланысқыңыз келсе, мәліметтер келесідей:

  • Егер Еуропалық Одақта немесе Еуропалық экономикалық аймақта тұратын болсаңыз, осы сілтеме арқылы Еуропа веб-сайтында тізімделгендей, жергілікті органмен байланысуыңызға болады. Егер сіз юрисдикцияңыздың бақылау органының кім екенін білмесеңіз, осы беттің жоғарғы жағында сілтемемен берілген мәліметтер арқылы бізге хабарласыңыз.
  • Ұлыбритания үшін, осы сілтеме арқылы Ақпарат комиссарының кеңсесімен хабарласа аласыз.
  • Басқа елдер үшін өз еліңіздегі органның веб-сайтын қараңыз.

Егер сіз юрисдикцияңыздың бақылау органының кім екенін білмесеңіз, осы беттің жоғарғы жағында сілтемемен берілген мәліметтер арқылы бізге хабарласыңыз.

Елге байланысты қосымша тармақтар

Қай елде тұратыныңызға қарай, сізде кейбір қосымша құқықтар болуы мүмкін.

Егер сіз Аустралияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Аустралияда тұратын болсаңыз, сіз үшін келесі қосымша ақпарат қолданылады:

  • егер сіз бізге жеке ақпаратыңызды бермесеңіз, сізге өзіңіз сұраған ақпаратты, өнімдерді немесе қызметтерді (тиісінше) қамтамасыз ете алмауымыз мүмкін; және
  • біздің Құпиялылық туралы саясатымызда (мұнда қолжетімді) келесілер сипатталады: (i) біздегі сіз туралы жеке ақпаратқа қалай қатынасатынымыз және оны қалай түзететініміз; (ii) сіздің жеке ақпаратыңызды өңдеуіміз туралы қалай шағым жасай аласыз; және (iii) біз шағымдарды қалай өңдейміз.

Егер Францияда тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Францияда тұратын болсаңыз, сіз қайтыс болған жағдайда қолымыздағы сіз туралы ақпаратты не істейтінімізге қатысты нұсқаулар беруге құқылысыз (атап айтқанда, оны сақтауымыз қажет пе, әлде жоюымыз қажет пе және басқа адамдардың оны көруге құқығы болады ма). Келесілерді орындауыңызға болады:

  • деректерді қорғау жөніндегі француздық бақылау органында («CNIL» деп аталады) тіркелген цифрлық қызмет провайдеріне жалпы нұсқаулар бере аласыз (бұл нұсқаулар сіз туралы ақпаратты пайдаланудың барлық түрлеріне қолданылады); немесе
  • сіз туралы ақпаратты пайдалануымызға қатысты бізге нақты нұсқаулар бере аласыз.
  • Сіздің нұсқауларыңызды орындау үшін сіз туралы ақпаратты қандай да бір үшінші тұлғаға тасымалдауымыз қажет болуы мүмкін (бірақ егер ақпарат басқа тұлғалар туралы ақпаратты қамтыса, олардың құпиялылығын құрметтеу жөніндегі міндеттемеміз сіздің нұсқауларыңызды нақты орындай алмайтынымызды білдіруі мүмкін). Нұсқауларыңыздың орындалуын қамтамасыз ету үшін оған жауапты болатын үшінші тұлғаны тағайындауыңызға болады. Егер сіз солайша үшінші тұлғаны тағайындамасаңыз, сіздің мұрагерлеріңіз (нұсқауларыңызда басқаша көрсетілмеген болса) сіз қайтыс болғаннан кейін сіз туралы ақпаратқа қатысты құқықтарыңызды пайдалануға құқылы болады:

сіздің мүлкіңіздің әкімшілігін жүзеге асыру мақсатында (бұл жағдайда сіздің мұрагерлеріңіз сіздің мүлкіңіздің әкімшілігін жүзеге асыру үшін пайдалы болуы мүмкін болған ақпаратты, соның ішінде жанұя естелігі болып саналуы мүмкін болған және сіздің мұрагерлеріңізге тасымалдана алатын цифрлық тауарларды не деректерді анықтау және алу мақсатында сіз туралы ақпаратқа қатынаса алатын болады); және

сіз туралы ақпаратты пайдаланатын тараптардың сіздің өліміңізді ескеруін қамтамасыз ету үшін (мысалы, сіздің есептік жазбаңызды жабу және сіз туралы ақпараттың пайдаланылуын шектеу не мұндай ақпаратты жаңарту).

  • Нұсқауларыңызды кез келген уақытта түзетуіңізге немесе қайтаруыңызға болады. Сіз қайтыс болған жағдайда сіз туралы ақпараттың қалай өңделетіні туралы қосымша ақпарат алу үшін 1978 жылдың 6 қаңтарында шыққан 78-17 заңның 40-1 тармағын қараңыз. Сіз қайтыс болғанда, әдепкі жағдайда, есептік жазбаңызды пайдалануды тоқтатасыз және біз өзіміздің сақтау саясаттарымызға сәйкес сіз туралы ақпаратты жоямыз (толық мәлімет алу үшін «Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады» бөлімін қараңыз).

Егер сіз Филиппиндерде тұратын болсаңыз, қосымша мәлімет алыңыз…

Егер сіз Филиппиндерде болсаңыз, Филиппиндердің Деректердің құпиялылығы туралы заңына және оны жүзеге асыратын ережелер мен регламенттерге, соның ішінде Ұлттық құпиялылық комиссиясының Құпиялылық саясаты жөніндегі кеңсесінің № 2018-031 консультативтік пікіріне сәйкес осы ескертпеде көрсетілгендермен бірге қосымша құқықтарыңыз болуы мүмкін.

Сұрақтар бойынша кіммен байланысуыңыз керек?

Егер сұрақтарыңыз болса немесе құқықтарыңыздың қандай да бірін пайдаланғыңыз келсе, тиісті PMI аффилирленген тұлғасының және егер бар болса, деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті тұлғаның байланыс мәліметтерін осы ескертпенің басында берілген сілтемеден таба аласыз. Сонымен қатар байланыс мәліметтері PMI аффилирленген тұлғаларының сізге жіберетін хабарламаларының ішінде қамтамасыз етілетін болады.

Егер сіздің еліңізде деректерді қорғау органы бар болса, барлық сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз бойынша оған хабарласуға құқылысыз. Егер тиісті PMI аффилирленген тұлғасы сіздің сұрақтарыңызды не алаңдаушылықтарыңызды шеше алмаса, құқықтық қорғаныс алу үшін ұлттық сотқа жүгінуге де құқылы боласыз.

Осы ескертпеге өзгертулер енгізу

Бұл ескертпені (және құпиялылық туралы қосымша ескертпелерді) ауық-ауық жаңартып тұруымыз мүмкін. Заң бойынша талап етілген жағдайда, біз сізді осы өзгертулер туралы хабарландырамыз; сондай-ақ, егер заң бойынша талап етілсе, өзгертулер енгізуге сізден келісім сұраймыз.

Соңғы рет өзгертілді: 2022 жылғы 18 шілде.